Былтыр еліміздегі жеңіл өнеркәсіп нарығының көлемі 4,3 млрд долларға жетті

Былтыр еліміздегі жеңіл өнеркәсіп нарығының көлемі 4,3 млрд долларға жетті

Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі жұмыс орындарын құруға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал ете отырып, экономиканың маңызды салаларының бірі болып табылады. Бұл сала көптеген қиындыққа қарамастан өзінің дамуын жалғастырып, экономикалық және әлеуметтік салаларға өз үлесін қосып отыр. 2024 жылы еліміздегі жеңіл өнеркәсіп нарығының көлемі 4,3 млрд АҚШ долларға жетіп, отандық өндірушілердің үлесі шамамен 6% құрады. Бұл туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Мұхамед Андаков ОКҚ брифингінде хабарлады, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, жалпы ішкі өнімдегі жеңіл өнеркәсіптің үлесі – 0,09%, тұтастай алғанда өнеркәсіптік өндірісте – 0,4%, өңдеу өнеркәсібінде – 0,9%, бұл ретте 28 мың адамды, оның 60%-ы әйелдер қауымын жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етіп отыр. Бұл көрсеткіш мемлекетте жоғары әлеуметтік рөл атқарады.

«2024 жылы жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі шамамен 212 млрд тенге құрады. Соңғы 3 жылда жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің экспорты іс жүзінде 2,5 есе өсті. Саланың негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 12,4 млрд теңгені құрады. Жеңіл өнеркәсіп бұл үш негізгі топқа біріктірілген. 20-дан астам қосалқы саланы қамтитын салалар: бұл тоқыма өнеркәсібі – 57% (мақта-маталар, жүн және аралас маталар, синтетикалық және табиғи талшықтар), киім өндірісі (арнайы және жұмыс киімдері, күнделікті және сәндік киімдер, әскери және спорттық киімдер)  – 34% және былғарыға қатысты өнімдер өндірісі (аяқ киімдер, былғары және тері бұйымдары, былғары сөмкелер, белдіктер және аксессуарлар, былғарыдан жасалған бұйымдар) 9%-ды құрайды», – деді спикер.

Жеңіл өнеркәсіпте 1411 кәсіпорын, 803 тігін кәсіпорны, 481 тоқыма бұйымдарын өндіру және 122 былғары және оған қатысты өнімдерді өндіру кәсіпорындары жұмыс жасайды. Өнеркәсіптік саясаттың негізгі мақсаты ішкі өңдеуді ұлғайта отырып, дамудың шикізаттық моделінен бас тарту болып табылады. Бұл мақсатқа инвестицияларды тарту, жобаларды іске асыру және жүйелі шараларды іске асыру есебінен жоспарлы түрде қол жеткізіледі.

Соңғы 5 жылда елімізде жеңіл өнеркәсіп саласында 3 мың жаңа жұмыс орны құрылып, 40-тан астам жоба іске қосылды. Олардың арасында 2021 жылы Шымкентте іске қосылған кілем өндірісін кеңейту жобасы, 2023 жылы Батыс Қазақстан облысында іске қосылған биг-бэгтер өндірісі мен 2024 жылы Атырау облысында жүзеге асқан геотекстильді кластер жобасы бар. Мұнда шығарылатын өнім – тоқыма емес полиэфирлі геотекстиль, ол жол құрылысында, көктемгі су тасқыны кезінде жағалауларды нығайтуда, гидрооқшаулауда, құрылымдарды бекітуде және жерасты коммуникацияларын қорғауда қолданылады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2025 жылдың үш айында әлеуметтік инспекторлар 156 тексеру жүргізді, оның 76-сы жоспардан тыс, 19-ы профилактикалық бақылау шеңберінде, 61-і...