Саланың үздіктері: Энергетика министрлігінде мұнай мен газ жұмыс тобының мүшелері марапатталды

Саланың үздіктері: Энергетика министрлігінде мұнай мен газ жұмыс тобының мүшелері марапатталды

Астана, 2025 жылғы 25 шілде — ҚР Энергетика министрлігінде «Мұнай мен газды сақтау және тасымалдау» бағыты бойынша жұмыс тобының мүшелерімен жұмыс кездесуі өтті. Іс-шара барысында атқарылған жұмыстардың аралық қорытындылары шығарылып, белсенді қатысушыларды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өткізілді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Кездесуді ашқан сөзінде Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов кәсіби біліктілік жүйесін дамыту — бұл білім беру жүйесі мен еңбек нарығы арасындағы байланысты нығайтатын стратегиялық маңызды бағыт екенін атап өтті.

Биыл министрліктің бейінді департаменттерінің үйлестіруімен бес кәсіби стандарт жаңартылды: оның екеуі — мұнай тасымалдау бағыты, үшеуі — газ тасымалдау бағыты бойынша. Барлық жоба «Career Enbek» цифрлық платформасына енгізіліп, сараптамалық бағалаудан өтуде. Үш стандарт сәтті модерациядан өтті.

Жұмыс тобының құрамына жетекші мұнай-газ компанияларының, жоғары оқу орындарының, колледждердің және оқу-әдістемелік бірлестіктердің өкілдері енді. Бірлескен жұмыс барысында кадрларды даярлау және жұмысқа орналастыру бойынша өзекті деректер жиналып, функционалдық карталар, біліктілік деңгейлері және салалық модель құрылымы өзектендірілді.

Кездесу соңында жылы марапаттау рәсімі өтті. Біліктілік жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін вице-министр Әлібек Жамауов жұмыс тобының белсенді мүшелеріне Алғыс хаттарды табыс етті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қызылорда облысының Жаңақорған және Шиелі аудандарындағы су шаруашылығы жағдайымен және...

Елордада Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен өңірлік дене шынықтыру және спорт басқармаларының басшылары, ведомствоға...

Денсаулық сақтау министрлігі мен «Қазақтелеком» АҚ денсаулық сақтауды цифрландыру саласындағы стратегиялық әріптестікті бекітетін және медициналық...