Ербол Садыр Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

Ербол Садыр Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

Президент Әкімшілігінің келісімімен, Абай облысының әкімі Берік Уәлидің өкімімен 2025 жылдың 2 сәуірінен бастап Ербол Әбілхайырұлы Садыр облыс әкімінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.
Аймақ басшысы бүгін облыс активіне таныстырды.
Ербол Әбілхайырұлы Садыр 1973 жылы 23 наурызда Түркістан облысы Созақ ауданы Тасты ауылында дүниеге келген.
1994 жылы Қазақтың Мемлекеттік басқару академиясын «экономист» мамандығы бойынша аяқтаған.
Әр жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылында Экономика бөлімінің бас маманы, Экономика және шағын кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің меңгерушісі, Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлікті қолдау басқармасы басшысының орынбасары, Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.
Оңтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары әкімінің орынбасары, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары болып еңбек етті.
Осы тағайындауға дейін бизнес саласында жұмыс істеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов су қоймаларының жай-күйімен, гидротехникалық...

1 тамызда Қазақстанда Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталады. Санақ парақтарында көрсетілетін барлық ақпарат қатаң құпия болып табылады. Ол салық...

Ертең елде Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталады, ол екі кезеңде өтеді. Бірінші кезең 1-31 тамыз аралығында онлайн режимде жүргізіледі. Екінші...