Олжас Бектенов Михаил Мишустинмен сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Олжас Бектенов Михаил Мишустинмен сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Ресей Федерациясына ресми сапары барысында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин арасында екіжақты келіссөздер жүргізілді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Екі мемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде жүзеге асыруға, оның ішінде өзара тауар айналымын $30 млрд-қа дейін арттыруға назар аударылды. Көлік-транзиттік ынтымақтастық, ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау, энергетика және газ, ғарыш салаларындағы, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстардағы өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.

Өткен жылы екіжақты тауар айналымы көлемі шамамен 3%-ға өсіп, $27,8 млрд-қа жетті. Бизнес субъектілері 45,4 мыңға жуық жұмыс орнын ашу арқылы бірлесіп 171 жобаны іске асырады.

Екіжақты ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі – агроөнеркәсіп кешеніндегі өзара іс-қимыл. Өткен жылдың қорытындысына сәйкес, екіжақты негіздегі өзара шектеулерді алып тастау нәтижесінде саладағы тауар айналымы 4,5%-ға өсіп, $3,8 млрд-ты құрады.

Көлік-транзиттік бағытта өткен жылдың қорытындысы бойынша «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық дәлізінің Шығыс тармағы бойынша жүк ағынының көрсеткіштері 2,4 млн тоннаға дейін өсті.

Тараптар өзара сауданың оң динамикасын сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Екіжақты сауда айналымын арттыруда және өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелерін шешуде Ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның қызметі ерекше маңызға ие.

Келіссөздер қорытындысы бойынша өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту ниеттері расталды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан қаласы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов түркі тілдес елдерге ортақ ең көрнекті рухани және тарихи-мәдени ескерткіштердің бірі, ЮНЕСКО...