Мемлекет басшысы Пәкістан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал Асим Мунирді қабылдады

Мемлекет басшысы Пәкістан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал Асим Мунирді қабылдады

Кездесуде қорғаныс және әскери білім беру саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ екі ел арасындағы байланыстарды дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қазақстанның Пәкістанды Оңтүстік Азиядағы маңызды серіктесі ретінде қарастыратынын атап өтті. Сонымен қатар екіжақты қарым-қатынастардың оң қарқынмен дамып келе жатқанына тоқталды. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, екі елдің экономикалық, соның ішінде сауда, көлік және логистика салаларындағы байланыстарын одан әрі ілгерілетуге айтарлықтай әлеуеті бар.

Асим Мунир Мемлекет басшысына Пәкістанның Премьер-министрі Шахбаз Шарифтің ықыласын жеткізді. Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы Қазақстан мен Пәкістанның қорғаныс ведомстволары арасындағы ықпалдастықты жоғары бағалады. 

Әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықты өркендетуге тың серпін берудің, экономиканың түрлі секторындағы өзара мүддеге сай келетін мүмкіндіктерді толық жүзеге асырудың маңызына назар аударылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов цифрлық теңгенің көмегімен ақшаны таңбалауға және қадағалауға байланысты пилоттық жобаларды жүзеге асыру жөнінде жиын өткізді....

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылыту маусымында халықты жылумен үздіксіз қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде...

Қазақстандық авторлар мен композиторлар өз туындылары үшін өтемақы алу проблемаларын жиі айтады. Мүліктік құқықтарды басқарушы ұйым өз жұмысын...