Абай облысының әкіміне жаңа техникалар таныстырылды

Абай облысының әкіміне жаңа техникалар таныстырылды

Облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласын аралау барысында жаңа коммуналдық техникаларды көрді, деп хабарлайды No-comment.kz - Абай облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Шаһардағы тазалық жұмыстарының тиімділігін арттыру үшін мердігер ұйымдармен бірлесіп 60-қа жуық жаңа арнайы техника сатып алу жоспарланған. Қазіргі таңда 10 жаңа техника жеткізіліп, іске қосылды. Бұл өз кезегінде 100-ге жуық жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Арнайы техникалар қыста қар күреп, көктем-күз айларында жолдарды жуып-тазалауға, көшелерді сыпыруға, құм себуге арналған. Ал жаңа техникалар қаланың орталық көшелерінен бастап, барлық шағын аудандар мен тұрғын үй кешендерін тазалауға жұмылдырылатын болады.

Облыс әкімі қаланың тазалығы үнемі назарда болатынын атап өтті.

«Қала тазалығына байланысты тұрғындар тарапынан аз шағым айтылмайды. Сондықтан бұл бағыттағы жұмысты жандандырдық. Алдағы уақытта облыс орталығында арнайы техникалардың санын көбейтеміз. Қала келбетін жақсарту, тазалықты сақтау күнделікті және жүйелі жұмысты қажет етеді», – деді аймақ басшысы.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қостанайға жұмыс сапары барысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Е.Нағаспаев өңірдегі бірқатар өндірістік нысандарды аралады. ​Министр Индустриалды аймақтағы Kia...

Креативті индустрияларды дамыту – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі, бұл сала Мемлекет басшысының тікелей бақылауында. «Креативті индустрия...