Қазақстанда асфальт-бетон зауыттарының жол құрылысы маусымына дайындығы тексерілуде

Қазақстанда асфальт-бетон зауыттарының жол құрылысы маусымына дайындығы тексерілуде

ҚР Көлік министрлігінің тапсырмасы бойынша «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК еліміздегі барлық асфальтбетон зауыттарын аттестаттаудан өткізіп жатыр. Қазір республикада тіркелген 414 АБЗ-нің 332-сі (80%) инспекциядан өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, ЖАСҰО инспекторлары Астана және Шымкент қалаларында, Жетісу, Алматы, Қостанай, Атырау, Павлодар облыстарындағы зауыттарды зерттеді.

Асфальтбетон зауыттары мен зертханалардың жарақтандырылуы қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігі, сапа қызметіне сәйкес штат құрамының болуы, материалдардың, конструкциялар мен бұйымдардың кіріс бақылауының, оның ішінде жол-құрылыс материалдарын сақтау және тасымалдау қағидаларының сақталуы, сапаны бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі технологиялық регламенттерді тексерілді.

Аттестаттау жұмыстары одан әрі жалғасады. Оның мақсаты-жол материалдарының жоғары сапасын қамтамасыз ету, өндірушілердің жауапкершілігін арттыру және сол арқылы Қазақстандағы автомобиль жолдарының жай-күйі мен ұзақ мерзімге шыдамдылығын жақсартуға ықпал ету. Қазір, жолшылар күшейтілген режимде жұмыс істеп жүр. Айдың соңына дейін қалған 82 АБЗ-ға бағалау жасайды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қостанайға жұмыс сапары барысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Е.Нағаспаев өңірдегі бірқатар өндірістік нысандарды аралады. ​Министр Индустриалды аймақтағы Kia...

Креативті индустрияларды дамыту – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі, бұл сала Мемлекет басшысының тікелей бақылауында. «Креативті индустрия...