«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаеваның төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті мәжілісі өтті, деп хабарлайды Nur Otan партиясының Шымкент қалалық филиалына сілтеме жасаған No-comment.kz
Мәжілістің күн тәртібінде сайлауалды бағдарламадағы «Қолайлы экономикалық орта» және «Мықты кәсіпкерлер» бағыттарының орындалуы бойынша жауапты Шымкент қаласы кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебековтың, қоғамдық кеңес төрағасы Мақсат Абдукаримовтың, Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриялды–инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебековтың есептері тыңдалды.
Алқалы отырыста партияның 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлауалды бағдарламасының «Қолайлы экономикалық орта» және «Мықты кәсіпкерлер» бағыттарының тиімді іске асырылуына ықпал ету мақсатында құрылған қоғамдық кеңестің бүгінгі жұмыс барысы талқыланып, атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жұмыс жоспарлары ортаға салынды.
«Қазіргі таңда аталған бағыттар бойынша орындалмай қалуы мүмкін тәуекелдер бар. Сайлауалды бағдарламада көрсетілген барлық көрсеткіштер сапалы әрі уақытында орындалуы қажет. Бұл партияның халыққа берген уәдесі. Ал уәде ол мүлтіксіз уақытында іске асуы қажет. Сондықтан да, Сайлауалды бағдарламаның орындалмай қалуы мүмкін тәуекелдер туғызған кез келген жауапты басқарма басшысына партиялық тәртіптік жаза қолданылатынын, сонымен қоса қалалық партия филиалының төрағасы, қала әкіміне кеңес мәжілісінің қорытындысына сәйкес қызметіне сәйкес еместігі туралы ұсыныс берілетінін назарларыңызға жеткіземін», - деді Жанар Әлібекқызы.
Кеңейтілген мәжіліс соңында партия филиалы төрағасының орынбасары тарапынан партияны әрі қарай дамыту бойынша консультативтік-кеңесші орган функциясын сапалы атқару және «Nur Otan» партиясының бағдарламалық құжаттарын жақсарту мен партия стратегиясының бағыттарын әзірлеу міндеттері жүктелді.