Экологиялық қоғамдық кеңестің мәжілісі саябақтың даму концепциясын талқылады

Экологиялық қоғамдық кеңестің мәжілісі саябақтың даму концепциясын талқылады

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Бекайдар Төлегеновтың төрағалығымен Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы экологиялық қоғамдық кеңестің мәжілісі өттідеп хабарлайды  Nur Otan партиясының Шымкент қалалық филиалына  сілтеме жасаған No-comment.kz

Күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Олар:

Дендрологиялық саябақтың даму концепциясын талқылау;

Жол картасы: қалада жасыл белдеу құру үшін 13 мың гектар жерге 6,5 миллион ағаш отырғызу;

«Ынтымақ-2» шағын ауданындағы кәріз суынан шығатын жағымсыз иіс мәселесі.

Күн тәртібіне енгізілген бұл мәселелердің барлығы қала тұрғындары тарапынан наразылық тудырған және қоғамда кеңінен талқыға түскенін айта кетейік.

Алғашқы екі мәселе бойынша қалалық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрсұлтан Кенжебаев сөз сөйлеп, нақты атқарылған жұмыстарды баяндады. Өз кезегінде ол ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 10-шілдедегі Шымкент қаласын дамытудың және құрылысын салудың 2023 жылға дейінгі кешенді оспарын бекіту туралы №498 қаулысына сәйкесқала аумағында жасыл аймақтың көлемін 13000 гектарға дейін ұлғайту жоспарланғанын айтты. 2018 жылғы есеп бойынша Шымкенттің жасыл белдеу аумағы 5813 гектарды құраған. Межелі мақсатқа жету үшін тиісті жұмыстар атқарылуда.

Ал «Ынтымақ-2» шағын ауданы тұрғындарының қолқасын қапқан кәріз суынан шығатын жағымсыз иісті жою бойынша «Су ресурстары маркетингі» ЖШС бас директорының орынбасары Абзал Зейнетаев сөз сөйледі.

Nur Otan партиясының төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен әр өңір, қала және аудандағы өзекті мәселелер мен стратегиялық жоспарлардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін «Nur Otan»-ның 217 сайлауалды бағдарламасы әзірленген. Онда айтылған мәселелерді шешу мен жоспарларды іске асыру бойынша Жол карталары бекітілгені белгілі. Жол картасының жүзеге асуын бақылау үшін жауапты депутаттар мен орындаушылар белгіленген. Бүгінгі экологиялық кеңес отырысында арнайы әзірленген Жол картасында 2021 жылы атқарылуы тиіс болған мәселелер талқыланды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына...