Жол картасының орындалуы – жіті назарда

Жол картасының орындалуы – жіті назарда

Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалының сайлауалды бағдарламасының нақты бағыттарының іске асырылуын бақылау бағытында партия жанынан 11 қоғамдық кеңес құрылғаны белгілі. Бүгін сол қоғамдық кеңестердің бірі – Аймақты дамыту өңірлік қоғамдық кеңесінің екінші отырысы өтті, деп хабарлайды  Nur Otan партиясының Шымкент қалалық филиалына  сілтеме жасаған No-comment.kz

Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалы ғимаратының үлкен мәжіліс залында өткізілген жиынның күн тәртібінде алты мәселе қаралды. Олар:

– қаладағы азық-түлік бағасының өсуі және инфляция;

– қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының 6 айлық есебі (соның ішінде Жол картасы бойынша 25 мың тұрғыны бар 5 елдімекенді таза ауыз сумен қамту мәселесінің орындалу барысы);

– «Бозарық» қосалқы электр станциясының құрылысы;

– «Тұран» шағын ауданындағы ауыз су, газ, жол мәселесі;

– қалалық тұрғын үй басқармасының есебі ( соның ішінде Жол картасы бойынша 35 көп қабатты тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізудің орындалу барысы);

– «Теміржол» вокзалына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы, қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы, қалалық тұрғын үй басқармасы және қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы өкілдерінің осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстары туралы есебі тыңдалды.

Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева Аймақты дамыту өңірлік қоғамдық кеңес мүшелеріне «Кеңестерді құрудағы басты мақсат – халықтың өмір сапасын жақсарту. Аймақты дамыту өңірлік қоғамдық кеңесі Жол картасында көрсетілген биыл атқарылуы тиіс жобалардың орындалуын бақылауға алу қажет. Сонымен қатар осы бағытта биыл атқарылуы тиіс, бірақ тұралап тұрған немесе сылбыр жүргізіліп отырған жобаларды келесі отырыста қайта қарауды тапсырамын. Егерде төртінші тоқсанда лауазым иелерінің жол картасына салғырт қарағаны анықталса, оларды тәртіптік жауапкершілікке тарту бойынша ұсыныс енгізіңіздер»,-деп жиынды қорытындылады. Сонымен қатар ол, қоғамдағы резонансты мәселелерді күн тәртібінен түсірмеуді ескертті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына...