Қазақстан мен Сауд Арабиясы венчурлық қор құру мен стартаптарды қолдау мәселесін талқылады

Қазақстан мен Сауд Арабиясы венчурлық қор құру мен стартаптарды қолдау мәселесін талқылады

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Сауд Арабиясы Корольдігінің ресми делегациясымен кездесу өткізді. Кездесу ғылым, технология және инновация салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту аясында өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Делегация құрамында Ұлттық технологияларды дамыту бағдарламасының (NTDP) Бас директоры Ибрагим Нейяз, қаржы және қаржылық қызметтер жөніндегі вице-президент Талал Альхаталь, White Hill Capital басқарушы серіктесі Аслан Сұлтанов, SparkLabs Group басқарушы серіктесі Иван Грлич, сондай-ақ Al-Farabi Innovation Hub бас директоры Игорь Овчаренко болды.

Министр Саясат Нұрбек Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан ғылым мен жоғары білім жүйесіндегі стратегиялық реформалармен таныстырды. Ол зерттеу инфрақұрылымын дамыту, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейту және технологиялық стартаптар үшін қолайлы экожүйе қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу барысында тараптар екі елдің инвесторларының қатысуымен бірлескен венчурлық қор құру мүмкіндігін, венчурлық қаржыландыру тетіктерін дамыту және технологиялық стартаптарды қолдаудың заманауи құралдарын енгізу мәселелерін талқылады. Сонымен қатар қазақстандық инновациялық компанияларды Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка (MENA) елдерінің нарығына шығару бойынша стратегиялық қадамдарға ерекше назар аударылды.

Кездесу қатысушылары ғылыми-технологиялық серіктестікті тереңдетуге өзара қызығушылық білдіріп, алдағы уақытта нақты бастамаларды бірлесе пысықтауға келісті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Варшава, 2025 жылғы 23 мамыр – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Польша Республикасына жұмыс сапары аясында...