Түлкібаста жалпыаудандық сенбілік өтті

Түлкібаста жалпыаудандық сенбілік өтті

Түлкібас ауданында әр аптаның жұмасы аудан әкімі Асқар Естібаевтың тапсырмасымен «Таза Қазақстан» бастамасы аясында жалпыаудандық тазалық күні болып бекітілген. Осы орайда, кезекті рет аудан әкімдігіне қарасты 300-ге жуық мекеме қызметкерінің қатысуымен жалпыаудандық сенбілік өтті.

Шарада әр мекеме өзіне бекітілген аумақты, оның ішінде күре жол бойлары, демалыс орындары, аяқжолдарды күл-қоқыстан тазартып, қураған шөптерді орды. Сонымен қатар, елді мекен ішімен өтетін арық-атыздарды тазартып, кедергісіз су ағуына жағдай жасалды. Сенбілікке 10-ға жуық техника жұмылдырылып, күл-қоқыстар арнайы полигондарға жеткізілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Варшава, 2025 жылғы 23 мамыр – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Польша Республикасына жұмыс сапары аясында...