Мониторинг жұмыстары жалғасуда…

Мониторинг жұмыстары жалғасуда…

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Nur Otan" партиясы фракциясының мүшесі Ташқараев Ғани, Шымкент қаласының маслихат депутаты, "Nur Otan" партиясы фракциясының мүшесі Керімбаева Наргиза қаламыздағы ірі сауда орталықтарындағы азық-түлік бағаларының тұрақтылығына мониторинг жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды  Nur Otan партиясының Шымкент қалалық филиалына  сілтеме жасаған No-comment.kz.

Тексеру барысының нәтижесінде Magnum басшылығына қатаң ескерту жасалды. Себебі, Шымкент қаласы әкімдігі және ӘКК АҚ қаламыздағы Magnum, Фиркан, Gramad атты ірі маркеттеріне әлеуметтік маңызы бар азық- түлік тауарларын тұрақтандыру мақсатында қаржы бөлінген болатын. Алайда, тексеріс барысында бағалар сәйкес болмай шықты.

Әр тауарда «Әлеуметтік маңызы бар тауарлар» деген тақтайша жоқ;

Саудаға келушілерімен сауал жүргізгенімізде «Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың» бар екенінен де беймәлім екендерін айтты;

Қатені түзетуге уақыт берілді. Халықтық маңызы бар, әлеуметтік тауарлардың бағасының тұрақтылығы мемлекет тарапынан қатаң бақылауда болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына...