Қалалық мәслихат депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Сұлтанова Төреайым Жолдыбайқызы мен Анарбеков Нұрпейіс Жапарұлы азаматтарды жеке мәселелері бойынша карантин талаптарына сәйкес онлайн режимінде қабылдау өткізді, деп хабарлайды Nur Otan партиясының Шымкент қалалық филиалына сілтеме жасаған No-comment.kz.
Қабылдауға жазылған азаматтардың өтініштері : әлеуметтік және материалдық көмек; тұрғын үй мәселесі; COVID-19 ауруына жүргізіліп жатқан шаралар.
Мәселен: Көпбалалы ана, Роза Лесбекқызының мәселесіне байланысты тұрғын үй тек кезекпен берілетіні жайлы ал әлеуметтік көмек бойынша арнайы тізімге алынып, заң аясында түсіндірілді.
Мейрамкуль Женисовна әлеуметтік көмекпен қоса су, жарық, қоғамдық көлік мәселесі бойынша хабарласы. Азаматшаға толыққанды түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жауапты мекемеге жолданатыны туралы жауап берілді.
Ковид-19 пандемиясына байланысты қандай шара қолданылып жатқанын, №11 емхана қызметкеріне байланысты шағымын тындады.
Осы мәселелер бойынша азаматшаға заң жүзінде түсіндірме жүргізілді. №11 емханасының бас дәрігерімен хабарласып, азаматшаның мәселесі бойынша толыққанды жұмыс жасалып, мәселесі оң шешілді.
Әлеуметтік көмек сұрап хабарласқан көпбалалы отбасылар, көмекке мұқтаж отбасылар тізіміне енгізілетін болды. Оларды азық-түлік себеттерімен қамтамасыз ететін болып, тұрғындардың мәселелері оң шешімін тапты.