Алматыда жастар жұмысқа орналасу мүмкіндігін кеңейтуде

Алматыда жастар жұмысқа орналасу мүмкіндігін кеңейтуде

Алматыда жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі төмендеп келеді. Қалалық жастар саясаты басқармасы бірқатар жобаларды іске асыруда, олардың ішінде Jasalmaty.kz платформасы маңызды рөл атқарады.

2025 жылдың басынан бері Jasalmaty.kz арқылы 3,5 мың жас тұрақты жұмыс тапты. Платформада 7 мыңнан астам бос жұмыс орны тіркелген. Ал Мансап орталығына жүгінген 7,5 мың жастың 5,7 мыңы жұмысқа орналасты. Бұл орталықтың қызметтері барлық комьюнити-орталықтарда қолжетімді.

Қалада 695 мыңнан астам жас бар, оның ішінде 442 мыңы еңбекке тартылған. Бұл көрсеткіш жастардың әлеуметтік белсенділігінің артып келе жатқанын көрсетеді.

Айта кетейік, Алматыда 2024 жылы жұмыссыз жастар саны 11,1 мың адамды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,7% - ға аз.

No-comment.kz

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Теміртау қаласының №10 жалпы білім беретін мектебінде балаларға алғашқы стоматологиялық көмек көрсету және профилактика үшін заманауи жабдықтармен...

Кездесу барысында Қазақстанның өңірде тәуелсіз Авиация әкімшілігін құрған алғашқы ел екені атап өтілді. Бұл қадам ұшу қауіпсіздігіне бақылауды...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мал шаруашылығы саласындағы ветеринариялық бақылау шаралары, сондай-ақ осы...