Алматыда «Заң және тәртіп» нарративі аясында гуманитарлық және көпсалалы колледж студенттері үшін семинар өтті. Іс-шараны қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұйымдастырды.
Департамент өкілдері білім саласындағы жемқорлықтың түрлеріне тоқталып, пара беру, емтихан нәтижелерін сату және грант бөлудегі әділетсіздікті мысалға келтірді. Жастарға құқықтық сауат пен әділдік қағидаттарын ұстанудың маңыздылығы түсіндірілді.
Сондай-ақ, жастардың құқықтық мемлекет қалыптастырудағы рөлін атап өтті.
Соңғы екі жылда білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықтың 300-ге жуық фактісі тіркелді. Бұл жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңызын көрсетеді.
No-comment.kz