1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 353 265 адамды құрады. Жыл басынан бері халықтың жалпы өсімі 69,8 мың адам болды. Оның ішінде табиғи өсім есебінен – 63,4 мың адамға, көші-қон есебінен – 6,3 мың адамға, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Халық санының ең жоғары өсу қарқыны елордада байқалды. Астана халқының саны көші-қон ағындары есебінен артып келеді. Мәселен, елорда тұрғындарының саны жыл басынан бері 29,7 мың адамға өсті, оның 78,3%-ы көші-қон есебінен.
Жыл басынан бері көші-қонның оң сальдосы 5 өңірде – Алматы және Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалаларда – Астана, Алматы және Шымкентте байқалды.