Мемлекеттік сатып алу-2025: 5 айда жасалған келісімшарттардың көлемі 5 трлн теңгеге дейін ұлғайды

Мемлекеттік сатып алу-2025: 5 айда жасалған келісімшарттардың көлемі 5 трлн теңгеге дейін ұлғайды
Үкімет отырысында отандық өндірушілерді қолдау шаралары талқыланды. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген Мемлекеттік сатып алу туралы заңның алғашқы нәтижелеріне ерекше назар аударылды. Биылғы 5 айда мемлекеттік келісімшарттардың рекордтық көлемі байқалды – жалпы сомасы 5 трлн теңгеге 845 мың келісімшарт жасалған. Былтырғы кезеңде 2,4 трлн теңгеге 660 мың келісімшарт тіркелген, яғни өсім айтарлықтай артқан, деп хабарлайды No-comment.kz -ҚР Қаржы министрлігіне сілтеме жасап. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ