Сот өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді

Сот өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді

 «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің ұйымдастыруымен “Жұмысшылардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғау” тақырыбында сот өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді, деп хабарлайды No-comment.kz 

Дөңгелек үстелге «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев, Әл-Фараби ауданы сотының судьясы Ермек Есіркепов, Еңбекші ауданы сотының судьясы Еркен Отарбаев, медиаторлар, «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» АКБ қызметкерлері және салалық кәсіподақ өкілдері қатысты.

«Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев отырысты ашып беріп, жұмысшылардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғау бағытында кәсіподақтардың атқарған жұмыстарына шолу жасады. Бауыржан Ілімшеұлы алдымен, «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» АКБ жанынан құрылған «Заң клиникасының» жұмысын атап өтті.

«Заң клиникасында тәжірибелі заңгерлер, медиаторлар, психологтар, сондай-ақ құқық қорғау, білім беру жүйелерінде, мемлекеттік құрылымдарда, заң компаниялары мен қоғамдық ұйымдарда қызмет еткен мамандар кәсіподақ мүшелеріне еңбек заңнамасы мәселелері бойынша тегін заңгерлік кеңес береді», – деді кәсіподақ төрағасы.

Сондай-ақ, Бауыржан Ілімшеұлы Парламент Мәжілісінде еңбек мәселелеріне қатысты заң жобалары аясында зерттеу жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда қауіпті індетке байланысты қашықтықтан жұмыс істеу тәртібі заңнама түрінде бекітілгенін мәлімдеді. Атап айтсақ, Еңбек кодексіне қашықтықтан жұмыс істеу тәртібі, құқығы мен міндеті, ақы төлеу жүйесі мәселелері заң деңгейінде бекітілгенін жеткізді. Аталған жұмыстар ҚР Кәсіподақтар Федерациясының ұсыныстары аясында жүзеге атқарылғанын мәлімдеді.

Сонымен қатар, Бауыржан Ілімшеұлы Кәсіподақтар федерациясы төменгі жалақы мөлшерін орташа жалақының 50% дейін жеткізу мәселесін көтергенін және ол үшін арнайы жұмыс тобы құрылғанын айтты. Олар ең төменгі еңбекақыны жүйелі түрде көтеру жолдарын қарастырады. Еске салайық, қазір елде ең төменгі жалақы мөлшері – 42500 теңге.

Дөңгелек үстелде Әл-Фараби ауданы сотының судьясы Еркен Отарбаев кәсіподақтардың атқарған жұмыстарына оң бағасын беріп, алдағы уақытта бірлесе жұмыс істеуге ниет білдірді.

«Келісім комиссиялар және «Заң клиникаларының» белсенді жұмыс жасап жастқанына байланысты еңбек даулары бойынша арыз-шағымдар өткен жылдарға қарағанда әлдеқайда азайған. Дегенмен, бүгінгі таңда жеке компанияларда қызмет еткен жұмысшылардан арыздар түсетіні жасырын емес. Биылғы жылға бар-жоғы 4 еңбек дауы бойынша іс қаралды. Бұндай арыздарды сотқа жеткізбей, тараптарды шақырып, медиация тәртібімен шешуге тырысамыз. Көбіне татуласып, бір мәмілеге келеді. Дана халқымыз «Кемедегінің жаны бір» дейді. Біздің мақсатымыз халықтың мұң-мұқтажын шешу, сенімін ақтау, еңбек адамдарының құқықтарын қорғау болып табылады. Қаламыздағы еңбек дауларын қарайтын судьяларменен бірлесе кәсіподақтар тарапынан ұйымдастырылатын семинарларға қатысуға ниет білдіреміз. Осы бойынша басшылыққа ұсыныстар жасайтын боламыз. Жұмысшылар еңбек ақысын уақтылы алып жатса, жұмысымыз нәтижелі болары анық», – деді Еркен Бостанбекұлы.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Денсаулық сақтау министрінің төрағалығымен ведомство алқасының кезекті отырысы өтті, онда ағымдағы жылдың 9 айында саланың негізгі...