«Адалдық алаңы» — тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюдың басты құралы

«Адалдық алаңы» — тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюдың басты құралы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында жергілікті билік органдары жұмысының тиімділігін арттыруды тапсырған болатын.
Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру міндеті қойылды.
Тұжырымдама аясында мемлекеттік мекемелерде «Адалдық алаңы» жобалық кеңселері ашылуда.

Осы орайда, мемлекеттік қызметтерді алу кезінде азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жою мақсатында Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті жанынан «Қарулы Күштері – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесі ашылды.

Жобалық кеңсенің мақсаты тұрғындармен кері байланыс орнату, тұрмыстық сыбайлас жемқолрлықты жою және тиімді іс-шаралар қабылдауды қамтамасыз ету болып табылады.
«Қарулы Күштері – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысы «Шымкент-адалдық алаңы» жобасының жарғысына сәйкес қатаң түрде жүзеге асырылатын болады.

Кеңседе әскери есепке алу, шақыру, кадр жұмысы және қаржы қызметі мәселелері бойынша департаменттің әскери қызметшілері мен азаматтық қызметші мамандары жұмыс атқаратын болады. Тұрғындар тарапынан келіп түсетін сұрақтар мен ұсыныстар болса, жобалық кеңсе есігі әрдайым ашық.
Келушілерді қабылдау сағат 9. 00 - 18.00-ге дейін аралығында жұмыс күндері жүзеге асырылады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Денсаулық сақтау министрінің төрағалығымен ведомство алқасының кезекті отырысы өтті, онда ағымдағы жылдың 9 айында саланың негізгі...