Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы дамуына мемлекеттік қолдау көрсетілуде

Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы дамуына мемлекеттік қолдау көрсетілуде

2025 жылы Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 23,0 мың гектарды құрады. Оның ішінде дәнді дақылдар 7,0 мың гектарға (бидай – 5,8 мың гектар, арпа – 1,2 мың гектар), майлы дақылдар 3,3 мың гектарға, мал азықтық дақылдар 10,9 мың гектарға, көкөніс пен бақша дақылдары 1,7 мың гектарға, ал картоп 0,1 мың гектарға егілді.

Жалпы егіс алқабынан 81,0 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі жиналады деп болжануда.

Ауыл шаруашылығы жұмыстарына қажетті жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылға шаруашылықтардан 919 тонна дизель отынына өтінім қабылданды. Оның 616 тоннасы көктемгі егін егуге, 303 тоннасы күзгі жиын-терім жұмыстарына арналған.

Өңірлік топырақ-климаттық ерекшеліктерге байланысты 2025 жылы дизель отынының шығысы жаңартылып, бір гектарға шаққанда 154 литр көлемінде есептелді. Бұл көрсеткіш шаруашылықтардың отынға деген сұранысын толық қамтуға мүмкіндік береді.

Өнімділікті арттыру мақсатында егін шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары аясында 2025 жылы жергілікті бюджеттен 863,3 миллион теңге бөлінді. Оның ішінде минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға 75,0 миллион теңге, жылыжайлардың коммуналдық шығындарын арзандатуға 767,8 миллион теңге, тұқым шаруашылығын дамытуға 20,5 миллион теңге қарастырылған.

Аталған қолдау шаралары агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға және ауыл шаруашылығының тұрақты өсімін қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Елімізде жыл сайын 14 маусым «Дүниежүзілік донор күні» ретінде аталып өтіледі. Бұл – өз еркімен қан тапсырып, мыңдаған адамның өмірін құтқаруға үлес қосып...

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінде БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі кеңсесімен Өзара түсіністік туралы...