Мемлекеттік радиожиілік қызметі өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады

Мемлекеттік радиожиілік қызметі өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "Мемлекеттік радиожиілік қызметі" мекемесінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде семинар өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің превенция қызметінің өкілдері, сондай-ақ МРҚ басшылығы мен қызметкерлері қатысты.

Кездесу аясында Агенттік өкілі Асан Айдарханов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері, алдын алудың негізгі құралдары туралы баяндап, заңнамада көзделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді еске салды.

Сонымен қатар жиында сыбайлас жемқорлардың жария тізілімін енгізу, мүдделер қақтығысын реттеу, пара беру уәдесі мен ұсынысын криминализациялау, қолданыстағы заңнамалық бастамаларды түсіндіруге баса назар аударылды. Одан бөлек ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарды қолға алмауға қатысты жауапкершілік шаралары талқыланды.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар көтерілген мәселелердің өзектілігін атап өтіп, мұндай іс-шараларды тұрақты өткізу идеясына қолдау білдірді. Талқылау сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі аспектілерін түсінуге ықпал етті. Сондай-ақ ол квазимемлекеттік секторда жемқорлыққа қарсы тұрақты тәжірибені қалыптастыруда жүйелі тәсілдің маңыздылығын көрсетті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ