«Қарасора-2025» шарасы аясында Қарағанды облысында құқық қорғау органдары көлеңкелі есірткі бизнесіне соққы берді. Шахтинск қаласының маңындағы жасырын зертханадан 6 тоннаға жуық прекурсор мен 35 келі синтетикалық есірткі тәркіленді. Бұл — 1 миллионнан астам доза айналымға түспей қалды.
Екі күдікті ұсталып, арнайы құралдар мен химиялық заттар тәркіленді. Бұл — аймақта анықталған ең ірі наркозертханалардың бірі.
Бұл оқиға — есірткіге қарсы күрестегі жүйелі әрі ымырасыз саясаттың айғағы. Қоғамдық қауіпсіздікті қорғау, азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау жолында тәртіп сақшыларының жұмысы маңызды нәтижелер беруде.