Білікті хирург

Білікті хирург

Исаходжаев Алишер Бахтиярұлы 1996 жылы Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы, «Балалар хирургі» мамандығы бойынша аяқтаған. 2003 жылы Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «№12 Қалалық емханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына хирург дәрігері болып жұмысқа орналасқан.
Дәрігер жұмысқа өте жоғары жауапкершілікпен қарайды. Жоғары санатты тәжірибелі дәрігер. Үнемі өзінің біліктілігін жетілдіріп отырады. Осы қызмет атқарған жылдары өзінің сауатты және білікті маман екендігін дәлелдеп келеді.
Қазіргі таңда да медициналық этиканы сақтап, ұжымда медицина қызметкерлері мен ем қабылдаушылардың құрметіне бөленіп және сенімін ақтап жүр. Қала халқының денсаулығын жақсартуға үлесін қосп жүрген білікті хирург.
Алишер Бахтиярұлы – нағыз өз ісінің шебері, кәсіби шеберлігімен, жанашырлығы мен адами қасиеттерімен ерекшеленетін білікті дәрігер. Хирургия саласы – жауапкершілігі зор, нақты шешім мен батыл әрекетті талап ететін күрделі бағыт. Осы салада көпжылдық тәжірибе жинақтаған ол талай жанға дер кезінде көмек көрсетіп, сауығып кетуіне себепші болды.
Пациенттердің сеніміне ие болу – кез келген маманның биік жетістігі. Алишер Исаходжаевтың бойында бұл сенімді ақтау үшін қажет білім, білік пен сабырлылық бар. Ол әр науқастың жағдайына мұқият қарап, емдеу тәсілін дәл таңдап, кәсіби көзқараспен әрекет етеді. Сонымен қатар, науқаспен дұрыс психологиялық байланыс орната білуі де оның ерекшелігі.
Дәрігер ретінде ол тек тәжірибелік жұмысқа ғана емес, сонымен қатар жастарға үлгі болуға, кәсіби дамуға үлес қосуға да белсенді қатысады. Жас мамандармен тәжірибе алмасып, кәсіби бағыт-бағдар беруде үлкен жауапкершілікпен қарайды. Ұжымда беделді, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары маман ретінде де танымал.
Алишер Бахтиярұлы денсаулық сақтау саласындағы реформаларды қолдай отырып, емхананың қызметін жақсартуға да атсалысып келеді. Жаңа технологияларды енгізу, емдеу тәсілдерін жетілдіру жолында әріптестерімен бірлесе жұмыс істейді.
Осындай білікті де жауапты дәрігерлердің қажырлы еңбегі арқылы Шымкент қаласының әлеуметтік-демографиялық дамуы мен тұрғындардың өмір сапасы артып келеді. Алишер Исаходжаев – медицина саласына үлгі боларлық тұлға, еңбек адамының жарқын бейнесі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Жаппай егін жинау науқаны басталған сәттен күн тәртібіне шыққан негізгі мәселенің бірі – жаңа өнімді қабылдауға бос орындардың болуы. Осыған...

Шахтер күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Премьер-министр Олжас Бектенов көмір өнеркәсібінің ардагерлері мен мамандарын...