Аялдамаларға тазалық жұмыстары жүргізілді

Аялдамаларға тазалық жұмыстары жүргізілді

Түркістан қаласында қоғамдық көлік аялдамалары мен олардың айналасындағы аумақтарға тұрақты түрде тазалық жұмыстары жүргізілуде. Бүгін қала аумағындағы барлық аялдамалардың павильондары мен орындықтарын жуу, айналар мен басқа да элементтерді тазалау, сондай-ақ бұзылған немесе тозған жерлерді қайта қалпына келтіру жұмыстары атқарылды.

Қазіргі таңда қала бойынша жалпы 683 аялдама нысаны қызмет көрсетуде. Қосымша 100 аялдама орнату жоспарланған, қазіргі таңда 78 аялдама пайдалануға берілді.

Қоғамдық көлік аялдамаларының тазалығын қамтамасыз ету, қала инфрақұрылымын жақсарту, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтарына қолайлы жағдай жасау күнделікті әкімдік тарапынан қатаң бақылауда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Мыңжылдық» аллеясының ландшафтты даму жоспары көрсетілді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап. Жоспар қаланың оңтүстік бөлігіндегі 942...