Президент Orbis Heavy Machinery арнайы және коммерциялық техника зауытына барды

Президент Orbis Heavy Machinery арнайы және коммерциялық техника зауытына барды

Астана қаласы

Қасым-Жомарт Тоқаев KIA маркалы арнайы және коммерциялық техникалар құрастыратын зауыт жұмысымен танысты, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Кәсіпорын іске қосылған 2022 жылдан бері 700-ден аса автокөлік шығарған. Өндіріске құйған инвестицияның жалпы көлемі 11 миллиард теңгеден асты. Мұнда өндірушілерден жеткізілген бөлшектерді дәнекерлеу, сырлау, шанақ монтаждау жұмыстары атқарылады. Сонымен қатар коммерциялық автокөліктерге арналған қосымша жабдықтар өндірісі жолға қойылған. 240 маман тұрақты жұмыспен қамтылған.

Компания өндірістік қуаты мен өнім түрін кеңейту үшін басқа да халықаралық брендтермен келіссөз жүргізіп жатыр.

Президент еңбек ұжымына табыс тілеп, KIA Bongo автокөлігінің шанағына естелік қолжазба қалдырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Мыңжылдық» аллеясының ландшафтты даму жоспары көрсетілді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап. Жоспар қаланың оңтүстік бөлігіндегі 942...