Бағдарламалар көрсеткіші

Бағдарламалар көрсеткіші

«ЮгПласт» ЖШС - 2012 жылы полиэтиленді құбыр өндірісін бастаған зауыттардың бірі. Мұнда құбырдың су, газбен жабдықтау, кәріс жүйесіне арналған түрлері шығарылады. Кәсіпорында орнатылған құрылғылардың көмегімен жылына 8 мың тонна өнім дайындалады. Жылдық айналымы 2 млрд теңге. Кооператив тоғыз жылдан бері сауда нарығында қызмет етіп келеді. Мекеме басшысы қажетті шикізатты Ресей мен Ираннан әкеледі. Ал тауарға тапсырыс берушілердің басымы – Түркістан, Қызылорда, Тараз, Шымкент қалаларының құрылыс компаниялары.

Аталған зауыт «Жол картасы – 2020» және индустриалды-инновациялық даму бағдарламаларының қолдауымен жүзеге асырырылған. Бүгінде өндіріс ошағының өнімдері тұтынушының бар талабына сай. Әрі бағасы да қолжетімді. Зауыт басшысы тауардың санына емес, сапасына аса көңіл бөледі. Сондықтан болар өнімге берілетін кепілдік мерзімі – 50 жыл. Яғни ұзақ уақытқа жарамды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгінгі таңда елдің энергетикалық қажеттіліктері өсіп, экологиялық талаптар күшейіп келе жатқанда, атом электр станциялары тиімді және сенімді шешім болып...