Кәсіби шеберлігімен танылған жоғары санатты педиатр

Кәсіби шеберлігімен танылған жоғары санатты педиатр

Кәрібаева Айнұр Мырзағалиқызы – жоғары санатты дәрігер-педиатр, еңбек өтілі – 24 жыл. Осы уақыт ішінде өз мамандығына адалдығы мен кәсіби біліктілігінің арқасында әріптестері, науқастар мен ата-аналарының зор құрметіне ие болған тәжірибелі маман.

Айнұр Мырзағалиқызы – балалар денсаулығын жақсарту ісінде мол тәжірибесі бар, диагностика мен емдеудің заманауи әдістерін еркін меңгерген. Әр баланың жағдайына жеке көзқараспен қарап, сапалы медициналық көмек көрсетуге әрдайым ұмтылады.

Кәсіби қызметінде ұқыптылығы, жауапкершілігі мен талапшылдығымен ерекшеленеді. Қиын жағдайларда жылдам әрі нақты шешім қабылдай біледі. Жас мамандарға тәлімгерлік жасап, өз тәжірибесімен бөлісіп отырады. Ізгілігі мен адамгершілік қасиеттері балалардың тез сауығуына оң әсерін тигізеді.

Ол кәсіби білімін үнемі жетілдіріп, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, семинарларға белсене қатысады. Медицина саласындағы жаңалықтарды үнемі қадағалап, оларды тәжірибесіне енгізуге тырысады.

Кәсіби дамуы мен жетістіктері:

2024 ж. – «Мемлекеттік қызметтер сапасын арттырудың практикалық құралдары» семинарының қатысушысы;

2024 ж. – Алматы қаласында өткен «Человек и Лекарство» халықаралық конгресінің қатысушысы;

2024 жылы – Шымкент қаласы әкімінің «Алғыс хаты».

Даумбаева Каламкас Бабановна – өз саласының білгірі, ұжым арасында сыйлы, жауапкершілігі мен еңбекқорлығы мол білікті дәрігер.

2024 ж. – «Балалардағы рахитті диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістері», «Балалардың құсу синдромы» семинарларына қатысқан.

Марапаттары:

- 2022 ж. – «Медицина үздігі» атағы;

- 2023 ж. – «Білікті дәрігер» марапатының иегері.

Кәрібаева Айнұр Мырзағалиқызы – жоғары білікті, тәжірибелі, балаларға жанашыр, өз ісіне шынайы берілген дәрігер.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Облыстық мәслихаттың бюджет, экономика және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мәжілісі өтті. Тұрақты комиссияның жұмысын...

2025 жылғы 20 маусымда «Қазмедиа орталығы» телерадио кешенінің конференц-залында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және...