Түркістан облысы мен Қытай инвесторлары арасында 300 млн долларлық жобаларға меморандумдарға қол қойылды

Түркістан облысы мен Қытай инвесторлары арасында 300 млн долларлық жобаларға меморандумдарға қол қойылды

Астана қаласында өткен «Орталық Азия — Қытай» екінші индустриялық-инновациялық форумында Түркістан облысы үшін стратегиялық маңызы бар бірнеше ауқымды келісімге қол қойылды. Форум жұмысына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр және Орталық Азия елдері мен Қытай Халық Республикасының ресми өкілдері, инвесторлар мен бизнес қауымдастықтары қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты — Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы экономикалық әріптестікті нығайту, өзара тиімді инвестициялық жобаларды ілгерілету және бірлескен өндірістерді дамыту. Аталған форум – мемлекетаралық экономикалық интеграцияны тереңдетуге бағытталған маңызды алаңға айналды.

Түркістан облысы делегациясы форум барысында үш бірдей ірі жоба бойынша ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол жеткізді. Қол қойылған келісімдердің жалпы құны 300,7 млн АҚШ долларын құрайды. Жобалар өңірдің инфрақұрылымын жақсартып, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

Бірінші жоба – Түркістан қаласының шығыс айналма жолының құрылысы және Өзбекстан шекарасынан басталатын «Шардара – Арыс» бағытындағы жолды жаңғырту. Бұл жобалар көлік қатынасын жеңілдетіп, шекаралық сауда мен логистика саласының дамуына серпін береді. Қытайдың «China Railway Asia – Europe Construction Investment Co LTD» компаниясы бұл жобаларға инвестиция салуға қызығушылық танытып отыр.

Екінші жоба – Түркістан облысында майлы дақылдарға арналған индустриялық парк құру. Қытайлық «Jinxin (Si’an) Seed Technology Co., Ltd.» компаниясының қолдауымен жүзеге асатын бұл жоба «Белдеу және жол» бастамасы аясында қарастырылған. 140,7 млн АҚШ долларын құрайтын бұл кешен 500-ден астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Үшінші маңызды бастама – «Бір белдеу – бір жол» бағдарламасы шеңберіндегі трансшекаралық сауда орталығын құру. Жоба құны — 160 млн АҚШ доллары. Оны жүзеге асыру арқылы 1000-нан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл бастамаға қытайлық «Portuguese-speaking (Xi’an) Technology Development Co., Ltd.» компаниясы инвестиция салуға дайын.

Форум аясында цифрлық технологиялар, логистика, агроөнеркәсіптік кешен мен тау-кен салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланып, B2B және B2G форматтарында келіссөздер өтті. Қатысушылар озық технологияларды енгізуге және бірлескен жобаларды кеңейтуге дайын екендерін білдірді.

Айта кетейік, форум нәтижесінде Қазақстан мен Қытай компаниялары арасында жалпы сомасы 24 миллиард АҚШ долларынан асатын 58 коммерциялық келісім жасалды. Түркістан облысы форум барысында тағы екі жобаны іске асыру бойынша келіссөздер жүргізуде. Сонымен қатар, Шэньси және Хубэй провинциялары мен Түркістан облысы арасында бауырластық қатынастар орнату жоспарланып отыр.

Бұл форум өңір үшін жаңа экономикалық мүмкіндіктерге жол ашып, Түркістанды халықаралық инвестициялық картаға шығара түседі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2025 жылдың 4 шілдесінде Республикалық адвокаттар алқасының алаңында ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жакселекова, Тіркеу қызметі және заң көмегін...

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшілері Түркияда өткен «Анадолу-2025» халықаралық оқу-жаттығуына...

2025 жылғы 4 шілдеде Қытайда Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) елдерінің кинофестивалі аясында кинонарықтың салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды ...