Шымкенттегі талшықты оптикалық интернет және қоғамдық WI-Fi желілерінің дамуы

Шымкенттегі талшықты оптикалық интернет және қоғамдық WI-Fi желілерінің дамуы

Шымкент қаласы тұрғындарының интернетке қол жеткізу мүмкіндігін арттыру бағытында маңызды қадамдар жасалуда. 2023 жылы жеке инвесторлардың қолдауымен қала аумағында 20 елді мекен талшықты оптика желісімен қамтылды. Бұл жұмыстар нәтижесінде 210 000-ға жуық тұрғын жоғары жылдамдықты оптикалық интернетке қосылуға мүмкіндік алды.

2024 жылы қосымша 20 елді мекенге талшықты оптика желісін жүргізу үшін жеке инвесторлармен меморандумдар жасалды, осылайша интернет желісіне қосылу мүмкіндігі кеңейтілуде. Сондай-ақ, ағымдағы жылы 23 елді мекенді кең жолақты интернет желісімен қамту жоспарлануда.

Қоғамдық орындарда да тұрғындардың интернетке қол жеткізу мүмкіндігін арттыру мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. 2023 жылы 20 қоғамдық орынға 55 Wi-Fi құрылғысы орнатылды. Ал ағымдағы жылы қосымша 5 қоғамдық орынға 15 Wi-Fi құрылғысы орнатылып, жалпы саны 70 құрылғы іске қосылды.

Одан бөлек, әлеуметтік жоба аясында қаладағы 10 гүлзар мен саябақ «Freedom Telecom» компаниясының қолдауымен тегін Wi-Fi желісімен қамтылды. Бұл жоба қала тұрғындарына заманауи технологияларды пайдалану мүмкіндігін беріп, жайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Солтүстік Қазақстан облысында жарма мен үлпектер өндіретін заманауи зауыт салу жобасы іске асырылып жатыр. Жобаның жалпы құны 3 млрд теңгеден асады. Қажетті...

ҚР ҒЖБМ «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы А.Құсманов және ҚР ЦДИАӨМ Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитетінің төрағасы Ғ.Байтұрсынов...