Құқықтық сана мен қауіпсіз қоғам: Алматыда өзекті міндеттер өз шешімдерін табуда

Құқықтық сана мен қауіпсіз қоғам: Алматыда өзекті міндеттер өз шешімдерін табуда

Алматы – Қазақстанның ең ірі құқықтық мәдениетті қалыптастыруда көшбасшы болып отырған қала. Құқықтық тәртіпті нығайту, зиянды әдеттермен күресу, тұрғындардың құқық қорғау органдарына сенімін арттыру бойынша жүйелі шаралар нақты нәтижесін беруде.

Алматыда 2024 жылы Алматыда 24 965 қылмыс тіркелді. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда едәуір төмен көрсеткіш. Ал, 2025 жылғы төрт айдың ішінде Алматыда тіркелген қылмыстар саны – 7 897 құрады. Бұл көрсеткіштің аудандық бөлінісі де маңызды: Алмалы ауданында – 1 784, Алатау ауданында – 1 172, Әуэзов ауданында – 1 124, Бостандық ауданында – 1 054. Ең аз Наурызбай ауданында 565 тіркелген. Бұл мәліметтер қылмыс деңгейін бақылау және аудандар бойынша нақты профилактикалық жұмыстар жүргізудің қажеттігін көрсетеді.

Құқық қорғау органдарының бейнебақылау жүйесін жетілдіруі, қауымдық полиция тәжірибесін енгізу және учаскелік инспекторлардың белсенді жұмысы осы нәтижеге оң ықпал етті. Сонымен қатар, тұрғындардың құқықтық сауаттылығы артқан сайын құқық бұзушылықтарға деген «нөлдік төзімділік» саясаты қалыптасып келеді.

Жергілікті әкімдік пен қоғамдық ұйымдар жастар арасында зиянды әдеттерге қарсы ақпараттық кампаниялар, спорттық іс-шаралар, құқықтық кездесулер өткізіп келеді. 2023 жылдан бастап алкоголь сату уақытына шектеу қойылып, қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым күшейтілді.

Соңғы жылдары «Адалдық алаңы», «Саналы ұрпақ» секілді жобалар арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық сана қалыптасып, мемлекеттік басқаруда ашықтық артуда. Бұл процестерге тұрғындардың тартылуы азаматтық жауапкершіліктің күшеюіне ықпал етуде.

2023 жылғы қоғамдық сенім индексіне сәйкес, халықтың 50%-і полицияға сенетінін, ал әкімдерге сену деңгейі – 48,2% болған. Бұл – құқық қорғау органдарымен жүргізілген түсіндіру жұмыстары мен ашықтық саясаттарының нәтижесі.

Құқықтық сауаттылықты дамыту мақсатында мектептерде, колледждерде және жоғары оқу орындарында семинарлар, тренингтер, ашық сабақтар мен акциялар ұйымдастырылуда. Тақырыптар – отбасылық құқық, интернеттегі қауіпсіздік, кибербуллинг, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен енгізілген «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы Алматыда да белсенді насихатталуда. Бейнекамералар орнату, жылдам әрекет ету топтарының жұмысын жетілдіру, учаскелік инспекторлардың тұрғындармен тұрақты байланысы арқылы қауіпсіз орта қалыптасып келеді. Бұл жобалар арқылы құқық қорғаушылар мен азаматтардың өзара сенімді қарым-қатынасы нығаюда.

Болашақ қауіпсіз қоғамды қалыптастыруда отбасы, жастар, білім беру саласы, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік мекемелер арасындағы үйлесімді серіктестік аса маңызды. Себебі, заң мен тәртіп орнаған қоғамда әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші жоғары болады. Ал, Алматы қаласында бұл мәселе бір жүйеге қойылғанын жоғарыдағы статистикалық мәліметтер растайды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Үндістанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Тхатипамула Венката Нагендра Прасад Ақкөл қаласындағы «Қазақтелеком» АҚ...

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан «Дара» Президенттік бастамалар қоры Қазақстанның...

Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының базасында күнбағыс өсірудің өзекті мәселелеріне арналған семинар өтті, деп хабарлайды ...