Соңғы бес жылда Алматыда сауда көлемі едәуір артқан

Соңғы бес жылда Алматыда сауда көлемі едәуір артқан

Сауда көрсеткіштері – жай ғана экономикалық сандар емес. Олар қаланың қалай өмір сүріп жатқанын, немен тыныстап жатқанын көрсететін нақты құрал. Алматы – ішкі тұтыну, логистика және өнім жеткізу тұрғысынан еліміздің ең маңызды өңірі. Қала тұрғындарының саны артқан сайын – азық-түлікке, киім-кешекке, тұрмыстық тауарларға деген сұраныс та ұлғаяды. Ал, бұл сұраныс сауда құрылымында нақты көрініс табады.

2024 жылғы деректерге сүйенсек, Алматы қаласының өзге өңірлермен өзара сауда көлемі 9,01 трлн теңгеден асқан. Бұл 2020 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда шамамен 28%-ға жоғары. Сонымен қатар, 2025 жылдың алғашқы бес айының қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 4,1 трлн теңгені құрап отыр. Демек, сауда динамикасы тұрақты өсу үстінде. Осы өсімнің артында қала халқының көбеюі, урбанизация үдерісінің үдеуі және әлеуметтік қажеттіліктердің кеңеюі жатыр.

Азық-түлік өнімдері бойынша импорт көлемі қала өмірінің маңызды индикаторы саналады. Мәселен, 2024 жылы Алматыға сырттан жеткізілген азық-түлік өнімдерінің жалпы көлемі 1,43 млн тоннадан асқан. Оның ішінде:

• Өсімдік шаруашылығы өнімдері – 382,7 мың тонна;

• Жануар шаруашылығы өнімдері – 263,5 мың тонна;

• Өңделген тағам өнімдері – 782,4 мың тонна.

2024 жылы экспортталған ауыл шаруашылығы өнімдері шамамен 496 мың тоннаны құрады, оның ішінде өсімдік тектес өнімдер – 145 мың тонна, ал қайта өңделген өнімдер – 292 мың тонна болды.

Жыл сайынғы көрсеткіштер өсімді көрсетуде: 2021 жылдан бері азық-түлік импорты көлемі 35%-ға артқан. Бұл, бір жағынан, халық санының өсуімен байланысты болса, екінші жағынан, қаладағы өмір сүру деңгейінің артуы мен тұтынушылық қабілеттің жоғарылауын да аңғартады. Мысалы, 2023 жылы Алматы халқының саны 2 миллионнан асып, орташа тұтыну деңгейі де 10–12% аралығында өскен.

Өзара сауда құрылымы да қала ішіндегі әлеуметтік теңгерімді айқындайды. Мысалы, Алматы қаласы еліміздің басқа өңірлеріне қарағанда көп импорттайды және азырақ экспорттайды. Бұл орталықтандырылған тұтыну орталығы ретіндегі рөлін күшейтіп, көлік логистикасы, қойма инфрақұрылымы мен қызмет көрсету секторына қысымды арттырады.

Сауда саласының әлеуметтік өлшемін ескере отырып, еңбек нарығының серпініне де назар аударған жөн. Азық-түлік тасымалы, өңдеу, сақтау және сату салаларында мыңдаған алматылық жұмыс істейді. 2024 жылдың соңында сауда мен логистика саласында ресми тіркелген жұмысшылар саны 153 мың адамды құрады, бұл жалпы еңбекке жарамды халықтың 12%-ына жуық.

Көлікке келер болсақ, азық-түлік өнімдерін жеткізу үшін Алматыда жылына 350 мыңнан астам рейс тіркеледі. 2025 жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіш 95 мың рейске жетіп отыр. Бұл – тек логистикалық емес, экологиялық және урбанистік мәселе де: жүк көліктері тығыз қалада қосымша жол жүктемесін тудырып, қала экожүйесіне әсер етеді.

Қорытындылай келгенде, Алматы қаласының әлеуметтік-демографиялық дамуын түсіну үшін сауда мен көлік статистикасына қарау жеткілікті. Импорт көлемінің артуы – бұл тек экономикалық үрдіс емес, сонымен қатар әлеуметтік құрылымдағы өзгерістердің белгісі. Халық саны өскен сайын сұраныс та, тәуелділік те ұлғаяды – ал бұл қала басқаруы мен болашақ стратегиясының басты бағыты болуы тиіс. Жоғарыда біз келтірген статистикалық мәләметтер Алматы қаласының билігі осы бағытта тиімді шешімдер қабылдап жатқанын аңғарамыз.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Үндістанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Тхатипамула Венката Нагендра Прасад Ақкөл қаласындағы «Қазақтелеком» АҚ...

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан «Дара» Президенттік бастамалар қоры Қазақстанның...

Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының базасында күнбағыс өсірудің өзекті мәселелеріне арналған семинар өтті, деп хабарлайды ...