Қарағанды облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция батальоны жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында кезекті профилактикалық шара өткізді. Іс-шара аясында жүргізушілерге жол ережелерін сақтау – ортақ жауапкершілік екені түсіндірілді.
Тас жол бойында азаматтармен жеке әңгімелесу жүргізіліп, арнайы үнпарақшалар таратылды. Жол қозғалысы ережесін елемеудің салдары мен қауіптілігі нақты мысалдармен түсіндірілді.
Сонымен қатар, тәртіпті бақылау үшін дрондар қолданылып, жүргізушілердің әрекеттері әуеден бақыланды. Полиция қызметкерлері жолда абай болуға, заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Себебі әрбір ереже – өмірді сақтап қалудың негізі.