Қызылордада үстел теннисі дамып келеді

Қызылордада үстел теннисі дамып келеді

Сол жағалаудағы үстел теннисіне арналған арнайы орталық бүгінде спортсүйер қауымның тұрақты мекеніне айналды. Жалпы аумағы 3 652 шаршы метрді құрайтын екі қабатты нысан ашылған сәттен бастап аймақ жастары үшін тиімді жаттығу алаңына айналған. Мұнда 16 үстел теннисі алаңы, 350 орындық көрермен трибунасы, жаттығу залы және әкімшілік бөлмелер орналасқан.

Бір мезетте 150 адамды қабылдай алатын бұл кешенде қазіргі таңда 5 кәсіби жаттықтырушы жұмыс істейді. Олардың жетекшілігімен 300-ге жуық жас спортшы үстел теннисімен тұрақты түрде айналысып келеді. Спортшылар түрлі қалалық және республикалық жарыстарда бақ сынап, жақсы нәтижелер көрсетуде. Орталық тек спорттық шеберлікті арттырумен шектелмей, тәртіп пен табандылыққа баулитын тәрбие ошағына айналды. Бұл нысанның ашылуы Қызылорданың спорттық әлеуетін арттырып, өңір жастарының белсенділігін айқын көрсетті.

Бұл орталық – Қызылордада бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған ірі жобалардың бірі. Жасөспірімдер мен жастар үшін бұл тек жаттығу алаңы ғана емес, үлкен спортқа апарар жолдың баспалдағы саналады. Бүгінде аталмыш нысанның аясында жаңа таланттар танылып, өңірдің спорттық беделін арттырып келеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ