Түркістан облысында тұт жібек құртын өсіру және өңдеу жобасы іске қосылуда

Түркістан облысында тұт жібек құртын өсіру және өңдеу жобасы іске қосылуда

Өңірде ауыл шаруашылығы мен өңдеу өнеркәсібіне инвестиция тартуға ерекше көңіл бөлінуде. Осы бағыттағы маңызды жобалардың бірі – «АСВС Ойл» ЖШС жүзеге асырып жатқан жоба, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Осыған орай, Ошақты ауылдық округінің аумағында тұт жібек құртын өсіру және өңдеу кәсіпорнының құрылысы жүргізілуде. Жалпы инвестиция көлемі – 1 млрд 780 млн теңге.

Жобаның алғашқы кезеңінде 60 гектар жерге тұт ағашының көшеттері отырғызылып, қажетті инфрақұрылым тартылуда. Сонымен қатар Қытай Халық Республикасындағы серіктестермен тұт көшеттерін жеткізу жөнінде келісімшарт жасалған.

Бұған дейін жобаның тиімділігі мен жергілікті жағдайға бейімділігін анықтау мақсатында Біртілек ауылдық округі аумағында 0,5 гектар жерге тұт ағашының сынамалық көшеттері отырғызылған болатын. Олар климатқа сәтті бейімделіп, алғашқы өнімін берген.

Келесі кезеңде инвесторлар жобаны кеңейтіп, тұт жапырағынан шай өндіруді жоспарлап отыр. Бұл мақсатта шайды өңдеп, қаптайтын заманауи қондырғыларды Қытайдан әкелу көзделуде.

Жобаны іске асыру өңірде агроөнеркәсіптің жаңа бағытын дамытуға жол ашып, жаңа жұмыс орындарын құруға, сондай-ақ Түркістан облысының ауыл шаруашылығын әртараптандыруға өз үлесін қосады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек Қостанай облысына жұмыс сапары барысында іске асырылып жатқан маңызды жоба - KIA маркалы автомобиль...

Jibek Joly 5.0 мәдени-туристік жобасының жаңа маусымы 19 қыркүйекте басталады. Бесінші рет ұйымдастырылғалы отырған тур Ұлы Жібек жолы бойындағы...