Астанада Ақмола гарнизоны сержанттары арасында спорттық жарыс өтті

Астанада Ақмола гарнизоны сержанттары арасында спорттық жарыс өтті

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледждің базасында ұйымдастырылған жарыстарға аға және жоғары сержанттық құрамның өкілдерінен құралған командалар қатысты, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Бағдарламаның басты оқиғасы қатысушылардың дайындығы мен ұйымшылдығының жоғары деңгейін көрсеткен шағын футбол турнирі болды.

Футбол матчтарынан бөлек сержанттар белтемірге тартылып, арқан тартысты.

Шағын футболда Қарулы күштер Бас штабының Сержанттық құраммен жұмыс жөніндегі басқарма командасы ауыспалы кубоктың иегері атанды. Екінші орын 68665 әскери бөлімі сержанттарының еншісін. Ал Құрлық әскерлері бас қолбасшысы басқармасының сержанттары үшінші орын иеленді.

Белтемірге тарту жарыстарында бірінші орынды 68665 әскери бөлімінің сержанттары, екінші орынды 44813 әскери бөлімінің сержанттары, үшінші орынды Қарулы күштер Бас штабы Сержанттар құрамымен жұмыс басқармасының әскери қызметшілері иеленді.

Қарулы күштер Бас штабы Сержанттар құрамымен жұмыс басқармасының сержанттары арқан тартыста жеңімпаз атанды. Екінші орынды Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасының сержанттары иеленді. Ал әскери полиция өкілдері мен әскери теңізшілер үшінші орынды бөлісті.

Спорттық іс-шараға қатысушылар күш-жігерді, төзімділікті дамытуға және командалық рухты нығайтуға ықпал ететін жарыстарды ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек Қостанай облысына жұмыс сапары барысында іске асырылып жатқан маңызды жоба - KIA маркалы автомобиль...

Jibek Joly 5.0 мәдени-туристік жобасының жаңа маусымы 19 қыркүйекте басталады. Бесінші рет ұйымдастырылғалы отырған тур Ұлы Жібек жолы бойындағы...