Мемлекет басшысы бокстан Әлем кубогының финалына барды

Мемлекет басшысы бокстан Әлем кубогының финалына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан Әлем кубогының финалын Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында жанкүйерлермен бірге тамашалады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстанда өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогына қатысу үшін 29 елден 250 боксшы келді. Бұл – рейтингтік жарыс. Жеңімпаздардың әрбір ұпайы олимпиадаға жолдама алуға әсер етеді.

Турнирде Қазақстан құрамасының үздік былғары қолғап шеберлері бақ сынады. Назым Қызайбай, Махмұд Сабырхан, Бекзат Нұрдәулетов, Виктория Графеева, Наталья Богданова және Санжар Тәшкенбай World Boxing кубогының алтын медалін жеңіп алды, ал Нұрбек Оралбай күміс жүлдеге ие болды. Бұған дейін Сағындық Тоғамбай, Аида Әбікеева, Айдана Забынбекова қола жүлдеге қол жеткізді.

Мемлекет басшысы ұлттық құрама боксшыларымен әңгімелесті.

– Жеңістеріңіз құтты болсын! Бокспен тек мықты, күш-жігері мол адамдар шұғылданады. Бұл – ерекше спорт. Баршаңызға сәттілік тілеймін. Мемлекет әрқашан сіздерді қолдайды. Қазақстанда бокстың келешегі зор болатынына ешқандай күмәнім жоқ, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек Қостанай облысына жұмыс сапары барысында іске асырылып жатқан маңызды жоба - KIA маркалы автомобиль...

Jibek Joly 5.0 мәдени-туристік жобасының жаңа маусымы 19 қыркүйекте басталады. Бесінші рет ұйымдастырылғалы отырған тур Ұлы Жібек жолы бойындағы...