Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек Қостанай облысына жұмыс сапары барысында іске асырылып жатқан маңызды жоба - KIA маркалы автомобиль шығаратын жоғары технологиялық автомобиль зауытына барды. Сапардың мақсаты ел үшін стратегиялық маңызы бар зауытты тауарлық газбен жылына 102 млн. м3 дейінгі көлемде қамтамасыз ету бойынша инженерлік инфрақұрылым құрылысының мәртебесімен танысу болды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.
Зауытты жобалау кезеңінде Энергетика министрлігі аталған кәсіпорынды республикалық ұзақ мерзімді газ балансына енгізді және өз кезегінде «QazaqGaz Aimaq» АҚ сағатына 11 700 м3 көлемінде тауарлық газға қосылуға техникалық шарттар берді. Тауарлық газ технологиялық процесте — тұрақты температуралық режимді, жоғары энергия тиімділігін және автомобиль компоненттерін бояудың жоғары сапасын қамтамасыз ете отырып, бояу-кептіру камераларының жұмысы үшін пайдаланылатын болады.
KIA зауытында дәнекерлеу, бояу және шанақ құрастыруды қоса алғанда, автомобильдердің толық өндірісін ұйымдастыру жоспарлануда. Сонымен қатар аймақта ең танымал ассортиментінде Kia Sportage, Seltos, Cerato және басқа модельдерін шығарып 2025 жылы іске қосылуы күтілуде.
Бұл жобаны іске асыру барысы табиғи газ — Қазақстанның заманауи, экологиялық және бәсекеге қабілетті өнеркәсібін құрудағы негізгі ресурс екенін тағы да растайды.