Шымкент: тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жүргізілуде

Шымкент: тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жүргізілуде

Биыл «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында қала аумағында 26 көпқабатты тұрғын үйдің жалпы мүлкін күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған.

Қазір Тұран ауданы аумағындағы 4- шағынаудандағы №21 және Володар көшесі №9 көпқабатты тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Тұрғын үйлердің қасбеті жаңартылып, шатырлары ауыстырылды.Сонымен қатар кіреберістер мен бастырмалар орнатылып, кешенді жаңғырту жұмыстары атқарылды.

Байтұрсынов көшесіндегі №94 тұрғын үйде шатырды ауыстырумен қатар, кіреберіс пен бастырма орнату жұмыстары аяқталды. Қазіргі таңда бұл нысанда қасбетті жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл жұмыстар қыркүйек айына дейін толық аяқталатын болады.

Жыл басынан бері 6 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті. Қазіргі таңда нысандар толық қолдануға беріліп, қабылдау актісіне құжаттамалар дайындалуда.

Қалған 20 тұрғын үйде күрделі жөндеу жалғасуда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының инфрақұрылымды дамыту және халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Үкімет Арнаулы...