Қолымен жарық сыйлаған, жүрегімен елге қызмет еткен – Нұржігіт Жарқынбекұлы

Қолымен жарық сыйлаған, жүрегімен елге қызмет еткен – Нұржігіт Жарқынбекұлы
2025 жылдың «Еңбек адамы жылы» деп жариялануы – ел үшін тер төгіп жүрген қарапайым азаматтарға берілген үлкен баға. Бұл – сөзсіз, адал еңбекке деген шын ниетті құрмет, жанын салып жұмыс істейтін, бір күнін бос өткізбей, шаңырағы мен шаһарына үлес қосып жүрген жандарға деген ел алғысы.
Сол еңбек адамдардың бірі – Нұржігіт Жарқынбекұлы. Ол жай ғана электрик емес – жарық сыйлайтын жанның өзі. Нұржігіт 1994 жылдың 17 ақпанында Шымкент қаласында дүниеге келген. Кәдімгі қарапайым отбасының баласы. Бірақ оның өмір жолындағы ең үлкен ерекшелік – еңбекке деген тазалығы мен табандылығы. Электрик мамандығын таңдағанына да он жылдан асты. Екі баланың әкесі, отбасына қорған, қоғамға адал қызметкер. Ол ешқашан даңқ қуып, атақ іздеген емес. Бірақ әріптестері оның еңбекқорлығын, ұқыптылығын үлгі тұтады.
Еңбек – ердің айнасы. Нұржігіттің кәсібіне деген махаббаты мен жауапкершілігі – елге шынайы қызмет етудің үлгісі. Осындай жандар – еліміздің нағыз байлығы. Өмірін адалдықпен өрген Еңбек адамы – елдің шынайы мақтанышы.
Нұржігіт Жарқынбекұлы – өзінің күнделікті еңбегімен ел игілігіне қалтқысыз қызмет етіп жүрген білікті маман. Ол күннің аптабында да, жауын-шашында да, тіпті аязды күндері де жұмысынан жаңылған емес. Электр желілеріндегі кез келген ақауды дер кезінде анықтап, жедел түрде қалпына келтіру – оның басты міндеті. Бұл – тек техникалық жұмыс емес, әр отбасының қауіпсіздігіне, тұрмыстық жағдайына тікелей әсер ететін маңызды сала.
Жас болса да, жинаған тәжірибесі мол. Қала тұрғындарының көпшілігі оның ісіне дән риза. Қай жерде жарық сөніп, мәселе туындаса, Нұржігітті бірінші болып шақырады. Өйткені ол өз ісін тиянақты атқарып, тұрғындарға сапалы қызмет көрсетеді.
Кәсіптік шеберлігімен қатар, ұқыптылығы мен тәртіпке беріктігі оны ерекшелендіріп тұрады. Ол еңбек етіп жүрген мекемеде үлкен сенім мен жауапкершілік жүктелген қызметтерді абыроймен атқарып келеді. Өз мамандығына деген адалдығы мен табандылығы арқылы ұжымда да, қоғамда да сыйлы.
Жалпы, қарапайым еңбегімен ел алғысына бөленіп жүрген мұндай азаматтар – еліміздің дамуының нақты қозғаушы күші. Олар атаққа емес, атқарған ісіне мән береді. Әр күнін халыққа пайда келтіру жолында өткізетін мұндай еңбек адамдары – шынайы құрметке лайық.
Нұржігіт Жарқынбекұлының өмірі мен кәсіби жолы – жастарға үлгі, еңбек адамының мәртебесін айшықтайтын жарқын мысал.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Шахтер күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Премьер-министр Олжас Бектенов көмір өнеркәсібінің ардагерлері мен мамандарын...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында Үкімет пен әкімдер...