Мейірбике мамандығына адалдықпен қызмет етіп жүрген тәжірибелі жан

Мейірбике мамандығына адалдықпен қызмет етіп жүрген тәжірибелі жан

Тоқтыбаева Айкерім Жолдасбековна – 2007 жылдан бастап Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Ана мен бала» оңалту орталығында мейірбике қызметін атқарып келеді.
Айкерім Жолдасбековна 1970 жылы 9 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Қарабастау елді мекенінде дүниеге келген. 1987–1989 жылдары Түркістан қаласындағы медицина училищесін «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Өзінің еңбек жолын 1989 жылы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында мейірбике болып бастаған. Медицина саласындағы жалпы еңбек өтілі – 35 жылдан асады.
Көп жылдық тәжірибесі мен кәсіби біліктілігінің арқасында ол ұжымда зор беделге ие. Науқастар мен әріптестері тарапынан үлкен құрметке бөленген. Мейірімділігі мен сабырлы мінезінің арқасында ем алушылардың көңілінен шығып, жылы сөзімен демеу бола білетін білікті маман.
Жас мейірбикелерге бағыт-бағдар беріп, өзінің мол тәжірибесімен бөлісіп келеді. 2011 жылдан бері – жоғары біліктілік санатындағы мейірбике. Кәсіби міндеттеріне аса жауапкершілікпен қарайтын, өз ісінің шебері. Сондай-ақ ол – үлгілі ана, ардақты әже.
Тоқтыбаева Айкерім Жолдасбековна – нағыз жанашырлық пен мейірімділікті бойына сіңірген, медицина саласына адал еңбек сіңіріп жүрген тұлға.
Айкерім Жолдасбековна — өз ісіне адал, кез келген жағдайға салмақпен қарап, емделушілерге үміт сыйлай алатын нағыз ақ халатты жан. Ол күн сайынғы қызметінде тек медициналық көмек көрсетіп қана қоймай, адамдардың жан дүниесін түсініп, моральдық қолдау көрсету арқылы да науқастардың сауығуына оң әсерін тигізіп келеді. Оның мейірімді сөзі мен сабырлы да салиқалы мінезі көпшілікке жылы әсер қалдырады.
Айкерім Жолдасбековна кәсіби шеберлігін үнемі жетілдіріп, білімін арттырып отырады. Заманауи мейірбикелік стандарттарды меңгеріп, практикада тиімді қолдана біледі. Бұл – емдеу сапасының артуына, науқастардың күтімінің жақсаруына тікелей әсер етеді. Ол медициналық үрдістерді дәл және сауатты орындай отырып, өз ортасында үлгі бола білетін мамандардың қатарында.
Осындай ардақты жандардың еңбегі — Шымкент қаласының денсаулық сақтау саласын дамытып, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға қосылып жатқан өлшеусіз үлес. Айкерім Жолдасбековна — мейірімді жүрек пен кәсіби біліктіліктің жарқын үлгісі. Оның адал еңбегі — медицина саласында еңбек адамының мәртебесін арттырып отырған шынайы миссия.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Шахтер күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Премьер-министр Олжас Бектенов көмір өнеркәсібінің ардагерлері мен мамандарын...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында Үкімет пен әкімдер...