Шымкенттегі 171-ші бүйрек трансплантациясы сәтті өтті

Шымкенттегі 171-ші бүйрек трансплантациясы сәтті өтті

Шымкенттегі №1 қалалық клиникалық ауруханада 171-ші бүйрек трансплантациясы сәтті өтті. Отаны аурухананың бас дәрігері-трансплантолог Абылай Донбай жасады, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Досымовтар жанұясында 1992 жылғы інісі өзінің туған ағасына донор болған. Науқас бір жылдан бері гемадиализ алып келген, яғни жасанды аппаратпен жүрген.

3 сағатқа созылған ота сәтті аяқталып, бүгінде ағалы-інілі екеуінің де жағдайлары жақсы.

«Шымкент қаласында мыңға жуық науқас бүйрек жетіспеушілігімен ауырады. Олардың барлығы жасанды бүйрек аппаратына тәуелді. Біздің мақсатымыз осы науқастардың санын азайтып, толыққанды өмір сүруіне ықпал жасау» - дейді Бас дәрігер. Пандемия кезінде де жұмыстарын жалғастырып жатқанын айтуда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Денсаулық сақтау министрінің төрағалығымен ведомство алқасының кезекті отырысы өтті, онда ағымдағы жылдың 9 айында саланың негізгі...