«Жастардан – жастарға ақпараттық керуен» жобасы аясында

«Жастардан – жастарға ақпараттық керуен» жобасы аясында

Шымкент қаласының Дендросаябағында «Жастардан – жастарға ақпараттық керуен» жобасы аясында кезекті ақпараттық іс-шара өтті. Шараның мақсаты – жастарға мемлекеттік бағдарламалар мен қолдау тетіктері туралы нақты және шынайы ақпарат жеткізу, олардың еңбек нарығындағы белсенділігін арттыру және кәсіби бағдар беру.

Шара барысында жұмысқа орналасу, кәсіпкерлік, жастар практикасы, техникалық және кәсіптік білім алу, қоғамдық жұмыс және басқа да бағыттар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жастар мен қала тұрғындарына арнайы дайындалған парақшалар таратылып, кеңестер берілді. Ақпарат ашық алаңда ұсынылғандықтан, қатысушылар қажетті мәліметтерді еркін түрде алып, мамандармен тікелей тілдесе алды.

Іс-шараға Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығы кәсіпкерлік саласындағы қолдау ұйымдары және мемлекеттік құрылымдар атсалысты. Мамандар мемлекеттік бағдарламаларға қатысу шарттары, өтініш беру тәртібі және талаптары туралы кең көлемде ақпарат ұсынды. 

Жастар практикасы бағдарламасы бойынша жоғарғы немесе техникалық оқу орнын аяқтаған жастардың уақытша жұмысқа орналасу мүмкіндігі кеңінен насихатталды. Бұл бағдарлама еңбек өтілі жоқ жастардың алғашқы тәжірибе жинақтауына жағдай жасап, болашақта тұрақты жұмыс табуына ықпал етеді. Сонымен бірге, қоғамдық жұмыс және әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу арқылы жастардың еңбекке бейімделуі де қарастырылды.

Кәсіпкерлікпен айналысуға ынталы жастар үшін мемлекеттік гранттар, қысқа мерзімді оқу курстары мен бизнес-жоспар әзірлеу бойынша ақпараттар ұсынылды. Әсіресе, кәсіпкерлікті енді бастап жатқан жастарға арналған гранттар мен оқыту жобаларына ерекше назар аударылды. Қатысушылар өз идеяларын жүзеге асыру үшін қандай қадамдар жасау керектігі туралы нақты ақпарат алды.

Іс-шара барысында еңбек қауіпсіздігі, жастарды өндірістік салаларға тарту, техникалық мамандықтарды игеру бойынша да ақпарат берілді. Мамандар жастарды сұранысқа ие мамандықтарға бейімдеудің маңызын атап өтті. Бұл бағытта техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерімен байланыс орнату ұсынылды.

Ақпараттық керуен жобасы алдағы уақытта Шымкент қаласының бірнеше аудандарында жалғасады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама жастардың әлеуметтік белсенділігін арттырып қана қоймай, олардың еңбекке орналасуына, өз кәсібін бастауына және қоғамда өз орнын табуына нақты мүмкіндік береді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қостанай облысындағы бес ауылдың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тәртіп сақшысы, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап. Бір округке бес...

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық техника саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі - қытайлық Mindray корпорациясымен бірлесіп, Қазақстан...

Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов Манжерок қаласында (Алтай Республикасы) өткен бірінші Халықаралық экологиялық конференцияда Каспий...