Болашақты құрастыратын ұстаз

Болашақты құрастыратын ұстаз

Қарапайым еңбек иесі бола жүріп, жас ұрпаққа сапалы білім беруді мақсат еткен Нұрбек Махамедкәрімұлы Омар – қазіргі заманның талаптарына сай техникалық бағытта жастарды даярлауға үлес қосып жүрген маман. Ол – Орталық Азия Инновациялық Университетінің робототехника үйірмесінің жетекшісі. Еңбек жолын ғылым мен білімнің тоғысқан саласына арнаған ұстаздың басты ұстанымы – шәкірттерін жаңа технологиямен қаруландырып, болашақтың білікті инженерлерін тәрбиелеу.

Нұрбек Махамедкәрімұлы басқаратын үйірмеде студенттерге теориялық біліммен қатар, тәжірибелік машықтар да қатар беріледі. Үйірме жұмысында бағдарламалау және мехатроника негіздері оқытылады. Студенттер дайын алгоритмдерді ғана емес, өз жобаларын әзірлеп, робототехникалық құрылғыларды құрастыруда белсенділік танытуда. Бұл үдерісте жетекшінің қолдауы, бағыт-бағдары мен нақты әдістемесі үлкен рөл атқарады.

Робототехника үйірмесінің жетістіктері де аз емес. Студенттер республикалық жарыстарда жүлделі орындарға ие болып, халықаралық деңгейдегі сайыстарға да қатысып жүр. Мұның бәрі – үйірме жұмысындағы жүйелі еңбектің, ұстаз бен шәкірттің бірлескен талпынысының нәтижесі. Әсіресе, жаңа буынның инженерлік ойлау қабілетін қалыптастыруда мұндай үйірмелердің маңызы зор.

Нұрбек Махамедкәрімұлы еңбекке адал, талапшыл әрі жаңашыл маман ретінде студенттердің арасында үлкен беделге ие. Ол үнемі кәсіби даму жолында ізденіп, түрлі біліктілік курстарына қатысып, жаңалықтарды оқу үдерісіне енгізіп отырады. Жетекші ретінде тек білім беріп қана қоймай, студенттердің ғылыми жоба жазуына, стартап бастамаларын жүзеге асыруына да қолдау көрсетеді.

Университет қабырғасында атқарып жүрген бұл бағыттағы жұмыс жастардың техникалық білімге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытады. Сонымен қатар, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша тәжірибелік дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде студенттердің келешекте жақсы жұмыс табуына ықпал етеді.

Нұрбек Махамедкәрімұлы сияқты еңбек адамдары – жас ұрпаққа бағыт-бағдар беретін, білім мен білікті ұштастыратын тұлғалар. Еңбекке деген сүйіспеншілік пен жауапкершілікті шәкірттерінің бойына сіңіріп, оларды заман талабына сай тәрбиелеу – әр ұстаздың басты миссиясы. Ал робототехника сияқты күрделі әрі болашаққа бағытталған салада шәкірт тәрбиелеу – үлкен еңбекті талап етеді. Осы еңбегімен көзге түсіп жүрген ұстаз – «Еңбек адамы» айдарының лайықты кейіпкері.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қостанай облысындағы бес ауылдың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тәртіп сақшысы, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап. Бір округке бес...

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық техника саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі - қытайлық Mindray корпорациясымен бірлесіп, Қазақстан...

Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов Манжерок қаласында (Алтай Республикасы) өткен бірінші Халықаралық экологиялық конференцияда Каспий...