Төрт айда 61,4 млрд теңгенің өнімі өндірілді: Ақтөбе облысының агросаладағы жетістіктері

Төрт айда 61,4 млрд теңгенің өнімі өндірілді: Ақтөбе облысының агросаладағы жетістіктері

Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібі жақсы дамығаны белгілі. Бұл сала бойынша Ақтөбенің атын асқақтатып жүрген ірі кәсіпорындар да аз емес, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақтөбе облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Тамақ өнеркәсібінің бірінші кезекте ауыл шаруашылығы саласымен етене байланысты. Ақтөбе облысында биылғы 4 айда 61,4 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 102,5 пайызды құрады. Ауыл шаруашылығы саласын қолдау мақсатында жергілікті бюджеттен 12,6 миллиард теңге қаражат бөлінді.

Төрт түліктің саны жағынан да өсім байқалады. Атап айтсақ, жылқы — 362,8 мың, түйе —23,9 мың, ірі қара —626,1 мың, қой мен ешкі 1 282,4 мыңға жетті.
Бүгінде облысымызда барлығы 100-ден астам ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорын бар. Тарқатып айтсақ, 11 диірмен, 48 наубайхана, 5 макарон цехы, 7 шұжық цехы, 5 тұшпара цехы, 2 өсімдік майын өндіретін зауыт. Соның ішінде сүт өңдеу бойынша қазіргі уақытта 4 зауыт — «Айс-плюс», «Молочные истории-А», «Мәртөк-сүт» және «Агрофирма «Тау» серіктестіктері жұмыс істеп тұр. Олардың жалпы жылдық қуаттылығы — 68 мың тонна. Ет өңдеуге келсек, 11 кәсіпорын жылына 25,3 мың тонна өнім өндіреді. Сондай-ақ 3 диірмен мен 4 макарон зауыты астық өңдеуге маманданса, өсімдік майы өндірісінде «Ақтөбе Фудс» пен «АКМЭЗ» компаниялары жыл сайын 36 мың тонна рафинадталмаған май шығарады.
Жалпы, өңірде қай өнім болсын, шығарылып жатыр. Әсіресе ұн өнімдерінің бәсі биік.

«Облыстың қайта өңдеу кәсіпорындарына бірқатар мемлекеттік көмек көрсетіледі. Атап айтсақ, «Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп, өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау» бағдарламасы бойынша сүт өңдеу кәсіпорындарына биыл субсидия қарастырылды. 2025 жылдың 4 айында ауыл шаруашылығы саласындағы негізгі капиталға 5,1миллиард теңге инвестициялар тартылды. Аудандар бойынша жоспарлы көрсеткіштердің декомпозициясы бекітілді. 2025-2027 жылдарға инвестиция көлемін 63,2 миллиард теңгеге жеткізіп, 50 жобаны іске асыру көзделген. Айталық, осы жылы 16,5 миллиард теңгеге 14 жоба еніп отыр. Негізгі жұмыстар жылдың 4 тоқсанына жоспарланғанын айта кету керек», - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Снежанна Кулекенова.

Ірі жобалардың бірі — инвестиция көлемі 4,6 миллиард теңгені құрайты н«АЙС» компаниясының сүт-тауар фермасын кеңейту жобасы. Бұдан бөлек Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі бойынша жеңілдетілген несиелеу ісі қолға алынды. 2023 жылдан бері жүзеге асып келе жатқан аталған жобасы өз жемісін беріп үлгерді.

Ал облыстық кәсіпкерлік басқармасының деректеріне сүйенсек, өңірде орта және шағын бизнес саласында 85 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі тіркелсе, соның 135-і — тамақ өнеркәсібіне қатысты.
Қазіргі таңда Ақтөбеде жасалған өнімдер Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан Әзірбайжан, Тәжікстан, Ауғанстан, Қытай, басқа да елдерге саудаланады. Жалпы, облыс бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін экспортқа шығарып отырған ірі кәсіпорындардың саны 15-тен асады. Олардың арасында мал шаруашылығы шикізатын экспорттайтын 4 кәсіпорын, астық экпорттайтын 7 ірі кәсіпорын жұмыс жасап тұр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қызылорда облысының Жаңақорған және Шиелі аудандарындағы су шаруашылығы жағдайымен және...