Мемлекет басшысы Tiryaki Holding компаниясының атқарушы директоры Сүлеймен Тирьякиоғлыны қабылдады

Мемлекет басшысы Tiryaki Holding компаниясының атқарушы директоры Сүлеймен Тирьякиоғлыны қабылдады

Түркия, Анкара қаласы

Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Tiryaki Holding компаниясының атқарушы директоры Сүлеймен Тирьякиоғлы агроөнеркәсіп кешені бағытындағы өзара тиімді және ұзақмерзімді серіктестік мәселесін талқылады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы компанияның Астана қаласынан бидай мен бұршақты терең өңдеу зауытын салу туралы шешіміне қолдау білдірді.

Өз кезегінде Сүлеймен Тирьякиоғлы аталған жоба еліміздің қайта өңдеу өнеркәсібін дамытуға, заманауи технологияларды енгізуге және жергілікті мамандардың біліктілігін арттыруға ықпал ететінін айтты.

Кездесуде Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдау үшін логистиканы тиімді ұйымдастыру, қойма инфрақұрылымын цифрландыру және элеваторларды жаңғырту мәселелері қаралды.

Tiryaki Holding дәнді, майлы дақылдар, жем-шөп өндіру және экспорттау бойынша әлемдегі көшбасшы компаниялардың бірі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

29 шілде күні Премьер-министрдің бірінші орынбасары Airbus-тың Еуропа аймағындағы президенті Жоан Пелисьемен кездесу өткізді, деп хабарлайды ...

Түркия, Анкара қаласы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Devlet Nişanı» орденін алу зор мәртебе екенін атап өтіп,...

Түркия, Анкара қаласы Жиын барысында Мемлекет басшысы Түркияның ежелден бауырлас, тамырлас және түбі бір туысқан ел екенін атап өтіп, ортақ тарихи және рухани...