Мемлекет басшысы Orzax Group басқарма төрағасы Селман Алимоғлыны қабылдады

Мемлекет басшысы Orzax Group басқарма төрағасы Селман Алимоғлыны қабылдады

Түркия, Анкара қаласы

Әлемдегі биологиялық белсенді қоспалар нарығында көшбасшылардың бірі саналатын компания басшылығымен кездесуде бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселесі қарастырылды, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Orzax Group компаниясының Түркістан облысында биологиялық белсенді қоспалар өндіретін зауыт салу шешіміне қолдау білдіріп, бұл бастама отандық фармацевтика саласын әртараптандыруға және еліміздің экспорттық әлеуетін арттыруға елеулі үлес қосатынын атап өтті.

Өз кезегінде Сельман Алимоғлы компанияның Қазақстанда өндірістік базаны кеңейтумен ғана шектелмей, ғылыми-зерттеу және инновация бағыттарын да дамытуға ниетті екенін жеткізді.

Бүгінгі таңда Orzax Group биологиялық белсенді қоспалардың 150 түрін өндіріп, әлемнің 60 еліне экспорттайды. Қазақстандағы өндіріс жобасына компания 40 миллион доллар инвестиция құйып, 500 адамды тұрақты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

29 шілде күні Премьер-министрдің бірінші орынбасары Airbus-тың Еуропа аймағындағы президенті Жоан Пелисьемен кездесу өткізді, деп хабарлайды ...

Түркия, Анкара қаласы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Devlet Nişanı» орденін алу зор мәртебе екенін атап өтіп,...

Түркия, Анкара қаласы Жиын барысында Мемлекет басшысы Түркияның ежелден бауырлас, тамырлас және түбі бір туысқан ел екенін атап өтіп, ортақ тарихи және рухани...