Қанат Бозымбаев Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне су жеткізу мәселелері бойынша Бішкек пен Ташкентте келіссөздер жүргізді

Қанат Бозымбаев Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне су жеткізу мәселелері бойынша Бішкек пен Ташкентте келіссөздер жүргізді

Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша 28 шілдеде Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Қырғыз Республикасына жұмыс сапарымен барып, Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Касымалиевпен және жауапты ведомство басшыларымен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Тараптар Нарын су электр стансалары каскадының, Талас бассейнінің, сондай-ақ Киров және Орто-Токой су қоймаларының тамыз айындағы жұмыс режимін талқылады. Кездесу нәтижесінде бұрын бекітілген келісімдер аясында қуаңшылык пен судың аз келуі салдарынан жеткізілмей қалған су көлемін қосымша жеткізу жөнінде келісімге қол жеткізілді.

29 шілдеде Ташкент қаласында Вице-премьер Қанат Бозымбаев Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Ариповпен және су-энергетика саласындағы жауапты басшыларымен келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында екі апта ішінде су жеткізу кестесіндегі кідірісті жою бойынша бірлескен шаралар келісілді.

Осылайша, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында вегетациялық маусымды толық аяқтау қамтамасыз етіледі және бұл мәселе Үкімет пен өңірлік әкімдіктердің тұрақты бақылауында тұр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2025 жылғы 1 тамызда Ақтау қаласында 2026 өңірлік экологиялық саммитіне дайындық бойынша Орталық Азия елдерінің экологиялық ведомстволары...