ҚР АШМ-де ветеринариялық қауіпсіздік және ауыл шаруашылығы санағын жүргізу мәселелері талқыланды

ҚР АШМ-де ветеринариялық қауіпсіздік және ауыл шаруашылығы санағын жүргізу мәселелері талқыланды

Вице-министр Аманғали Бердалиннің төрағалығымен ветеринариялық қауіпсіздік пен Ұлттық ауыл шаруашылығы санағының барысы жөнінде кеңес өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Кеңеске Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Қазбек Тәшімов, аумақтық инспекциялардың басшылары, өңірлердің ветеринария басқармаларының жетекшілері, сондай-ақ министрліктің тиісті бөлімшелерінің өкілдері қатысты.

Талқылау барысында Қазбек Тәшімов ветеринариялық қадағалау саласындағы оң динамиканы атап өтті. Оның айтуынша, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда елімізде жануарлардың аса қауіпті ауру ошақтарының саны 51%-ға азайған. Зертханалық зерттеу жоспары 97%-ға орындалды, мал сою нысандарын салу және жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Кеңес аясында ветеринариялық қызметті цифрландыру мәселесіне ерекше назар аударылды.

«Бүгінгі таңда «Ветеринариялық-санитариялық сараптама» модулі 700-ден астам мал сою нысанын және 500-ден аса зертхананы қамтып отыр. Жүйе арқылы 2,2 миллионнан астам ветеринариялық ілеспе құжаттар рәсімделді. Дегенмен, кейбір өңірлерде тұрақты интернетке қосылуда қиындықтар бар, бұл цифрлық шешімдердің толыққанды жұмысын қиындатады», — деп атап өтті Комитет төрағасы.

Вице-министр ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде қатаң және жүйелі тәсілді, саланың цифрлық трансформациясын жүзеге асырудың маңыздылығын баса айтты. Әр бағыт бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар, кеңес барысында 1 тамызда басталған Ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу мәселесі қаралды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2025 жылғы 1 тамызда Ақтау қаласында 2026 өңірлік экологиялық саммитіне дайындық бойынша Орталық Азия елдерінің экологиялық ведомстволары...