Орталық Азия елдерінің экологиялық ведомстволары министрлерінің 2026 өңірлік экологиялық саммит тұжырымдамасын бекіту жөніндегі кездесуі

Орталық Азия елдерінің экологиялық ведомстволары министрлерінің 2026 өңірлік экологиялық саммит тұжырымдамасын бекіту жөніндегі кездесуі

2025 жылғы 1 тамызда Ақтау қаласында 2026 өңірлік экологиялық саммитіне дайындық бойынша Орталық Азия елдерінің экологиялық ведомстволары Министрлерінің Кездесуі өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

Аталған шараға Тәжікстан мен Өзбекстанның табиғатты қорғау ведомстволарының басшылары, сондай-ақ Қырғыз Республикасы Табиғи ресурстар, экология және техникалық қадағалау Министрінің орынбасары, халықаралық ұйымдардың өкілдері - БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагча, БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа, БҰҰ ЕЭК Тұрақты энергетика Комитетінің директоры Дарио Лигутти қатысты. Қатысушыларға COP29 Президенті, Әзірбайжан Президентінің климат мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Мұхтар Бабаев құттықтау сөз сөйледі.

Отырыс барысында 2026 жылғы өңірлік экологиялық саммиттің жаңартылған тұжырымдамасы, сондай-ақ Орталық Азия мемлекеттері басшыларының экология және орнықты даму саласындағы өңірлік ынтымақтастық туралы бірлескен декларациясының жобасы ұсынылды және талқыланды. Қатысушылар ұсыныстармен  бөлісіп, одан әрі бірлесіп жұмыс істеу тәсілдерін өзара келісті.

Саммиттің қорытынды күн тәртібіне кіре алатын өңірлік бастамалардың тізбесін қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Олар жасыл технологиялар мен климаттық инновацияларды дамытудан бастап, биоәртүрлілікті қорғауға және экожүйелерді қалпына келтіруге, соның ішінде Арал теңізін сақтау шараларына дейінгі көптеген бағыттарды қамтиды. Сондай-ақ климаттың өзгеруіне бейімделуді нығайту, су ресурстарын тиімді басқару, айналмалы экономиканы дамыту және тұрақты даму стандарттарын ілгерілету тәсілдері талқыланды.

Кездесу аясында GCIP Kazakhstan жасыл акселерация бағдарламасына қатысушы-жасыл стартаптардың көрмесі өтті. Энергия тиімділігі, қалдықтарды қайта өңдеу, ресурстарды ұтымды пайдалану және экологиялық таза технологиялар саласындағы инновациялық жобалар ұсынылды, олар бүгінде өңірдің «жасыл» экономикасын қалыптастыруға үлес қоса алады.

Аталмыш кездесуде тараптар 2026 жылдың сәуір айында Астанада өтетін өңірлік экологиялық саммитке дайындық бойынша одан әрі өзара іс-қимылға дайындығын растады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2025 жылғы 1 тамызда Ақтау қаласында 2026 өңірлік экологиялық саммитіне дайындық бойынша Орталық Азия елдерінің экологиялық ведомстволары...